Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Мамыр, 2016

1620

Ж.СЕЙДАЛИЕВКЕ АРНАП ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Ақтау қаласының құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері Жаздырхан Сейдалиевке арнап мемориалдық тақта ашылды. Құрметті азаматқа тақта өзі тұрған 12-шағын ауданның 48-үйіне орнатылды. Бастама Ақтаудағы этномәдени бірлестіктер басшыларының ұсынысымен жүзеге асып отыр.  Салтанатты іс-шараға Ақтау қаласы әкімідігінің өкілдері мен  Жаздырхан ағайдың ұрпақтары, үзеңгілестері сонымен қатар «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Аманкүл Жайылханова  қатысты. Жаздырхан Сейдалиев 1992-2003 жылдар аралығында "Халық келісімі"  қоғамдық бірлестігі кеңесінің тұңғыш төрағасы болған. Оның өлшеусіз  еңбегі еш уақытта ұмытылмайды. Ол өмірден өтсе де, артына өшпес із қалдырды.

Қожахмет ЖҰМАБАЕВ - Ж.Сейдалиевтің туысы:  Жаздырханмен 50 жыл  туысқан, көңілі жарасқан дос болдым. Жәкеңе бүгін қала халқы осындай игі іс жасап жатыр. Оған біз, тумаластары, жақын достары, дән ризамыз.

Аманкүл Жайылханова – «Қоғамдық келісім» КММ басшысы: Бүгін Жаздырхан ағамызға арнап мемориалдық тақта ашылып жатыр. Бұл естелік тақта оның көзін көрген бауырларының арқасында және ел азаматтарының арқасында орнатылып жатыр екен. Өте қуаныштымыз. Жаздырхан ағамыздың қызметте жүрген  жылдарындағы тағылымды дүниелері енді мына біздер үшін азық. Біз осындай жандардан үлгі аламыз.

Маңғыстау өңірі ұлттар мен ұлыстардың құтты мекені. Соның бірі ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары Республикамызда тұңғыш болып Ақтауда ұлттар мен ұлыстардың басын бірік­тіріп, бір мақсат-мүддеге жұмылдыруды көз­де­ген «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігінің өмірге келуі болды. Осылайша, ағамыздың құрметіне жиналғандар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ізгі тілектерін білдірді.

   

   

 

Кейін қарай