03 Желтоқсан, 2019
18613
Ж.Түймебаев: Елбасы Түркі әлемінің рухани байлығын әлемге танытты
Түркияда интернет қолданушылары арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу жастар көп іздейтін тұлға - түркі әлемінің лидері Нұрсұлтан Назарбаев екенін айғақтады. Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Тұңғыш Президент күні аясында өткен «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы» алқалы жиынында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен түркиялық публицист, профессор Күршад Зорлуның «Назарбаев көшбасшылығы: Ұлы Даланың өрлеуі» кітабының тұсаукесері болды.
«Әр мемлекеттің белгілі бір кезеңдерде өрлеуі немесе, керісінше, құлдырауы сол елді басқарып отырған басшының билік саясатына байланысты. Біз бақытты елміз. Кеңес кезеңінде барлық жүйе орталықтан басқарылды. Аймақтардағы мәселелерді де оған қатысты сала мамандарын қатыстырмай, жоғарыдан шешіп отырды. Кеңес үкіметі таратылып, халық есеңгіреп қалған уақытта, дүниежүзі картасында үлкен жер көлемі бар елді басқару Тұңғыш Президенттің пешенесіне жазылды. Біз жыл сайын Тұңғыш Президент күнінде қол жеткізген жетістіктерімізді қорытындылаймыз. Мемлекеттің жетістіктерін саралауға мүмкіндік беретін бірнеше белгілі өлшемдер бар. Елдің экономикасын, саяси ахуалын, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын өткен кезеңдермен, көрші мемлекеттермен салыстырғанда, Қазақстанның соңғы жылдар ішінде табысы жоғары жетістіктерге қол жеткізгенін байқауға болады. Мұны біз ғана емес, елге келген түрлі шетелдік саясаткерлер мен сарапшылар да мойындауда.
Елбасының саясаткер, қайраткер, рухани көшбасшы ретінде әлемдік деңгейде сіңірген еңбегі орасан. Ол түрлі халықаралық ұйымдардың құрылуының ұйытқысы болды. Және бір маңыздылығы жоғары ерекшелігі – оның түркі әлемін біріктірудегі еңбегі. Бүгінде түркі әлемінің зиялы қауымының, мемлекет қайраткерлерінің кез-келген саяси күрмеуі күрделі мәселеде сөзінің салмағы басым Елбасыға түркі әлемінің көшбасшысы ретінде арқа сүйейтінін аңғарамыз», - деді Елбасының түркі әлеміндегі беделі мен қайраткерлігі туралы сөз қозғаған Жансейіт Түймебаев. Жансейіт Қансейітұлы бұл тұрғыда Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Түркия мен Ресей арасындағы ұшақ мәселесінен кейін ушыға жаздаған саяси-экономикалық мәселенің оң шешілуіне сіңірген еңбегін айтып өтті.
«Түркі дүниесінің 8 ғасырлардағы түркі қағанатынан кейін басы бірікпегенін мойындауымыз керек. Елбасы түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы – ТҮРКІСОЙ-ға жан бітіріп, кейін Халықаралық Түрік академиясын құрды. Мұндағы мақсат түркі руханиятын әлемге таныту болатын. Ол түркі әлемінің рухани байлығын өзіне қайтарып берді және әлем елдеріне таныстырды. Халықтың үлкен-кішілігі оның рухани байлығымен өлшенеді», - деді Ж.Түймебаев. Жансейіт Қансейітұлы, сондай-ақ Халықаралық Түрік академиясының саны аз ұлттардың да рухани дүниелеріне қамқоршылық танытып отырғанын айтты.
Ж.Түймебаев «Назарбаев көшбасшылығы: Ұлы Даланың өрлеуі» кітабының авторы Күршад Зорлуны түбі бір түркі елдерінің арасындағы достық пен ынтымақтастықты насихаттауға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» медалімен марапаттады.
Аталмыш кітап Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасының түркі әлеміндегі көшбасшылығы мен қайраткерлігі туралы сыр шертеді. Мұнда Орта Азия елдерінің ынтымақтастығы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихта түркі қағанатының құлдырауынан кейін «төскейде малы, төрде басы қосылмаған» түркі әлемін біріктіруге сіңірген еңбегі, саяси бітімгершілік қызметі дәріптеледі.
«Түркі тілінде қазаққа да, бізге де ортақ «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген мақал бар. Қысқа уақыт ішінде Қазақстанның мұндай жетістіктерге жетіп, дамуға аяқ басуына түбі бір түркілер сүйсіне қарап, мақтан етеді. Бүгінде Түркияда қазақ тілін үйренуге қызығушылық білдірушілердің қатары артып келеді. Түркия телеарналарында қазақ тіліндегі бағдарламалар көрсетілімі де жиі ұйымдастырылады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастырған өзіндік даму моделі түркітілдес елдер үшін бағыт-бағдарға айналды. Кітапта Н.Назарбаевтың ел басқарған жылдардағы маңызды шешімдері бар. Н.Назарбаевтың еңбегі дәріптеліп, қайраткерлігі баяндалған бұл кітаптан келесі жылдан бастап Түркияның жоғары оқу орындарында студенттерге дәріс оқу ұсынылуда», - дейді кітап авторы түркиялық публицист Күршад Зорлу.
Кітаптың қалың оқырманға жол тартуы үшін лентасын ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚХА депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Әбдірахманов пен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нүкетаева кесті.
Аталмыш жиынға сондай-ақ, Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі, Түркі кеңесі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ә.Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ф.Каратаев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ректоры, профессор Е.Сыдықов, Назарбаев университетінің профессоры, Қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі Ю.Шамилоглу, қырғызстандық профессор, түркітанушы К.Конкобаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жетекші зерттеушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Телебаев, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының жетекшісі А.Пириев қатысты.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Республика күнімен құттықтауы
-
Республика күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен активін салтанатты марапаттау рәсімі
-
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫ ЕРЛІГІ
-
Шуазэль институтының президенті Паскаль Лоромен және ҚХА Франциядағы достық елшісі Малгожата Туармен сарапшылық кездесу өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Республика күнімен құттықтауы
-
Республика күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен активін салтанатты марапаттау рәсімі
-
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫ ЕРЛІГІ
-
Шуазэль институтының президенті Паскаль Лоромен және ҚХА Франциядағы достық елшісі Малгожата Туармен сарапшылық кездесу өтті