17 Ақпан, 2016
918
«Жақсылық жаса! Твори добро!» акциясы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жақсылық жаса! Твори добро!» қайырымдылық акциясы аясында аудандық аналар кеңесінің төрайымы О.Евсюкова, Бескөл орта мектеп-гимназиясының педагогтері мен оқушылары кәмелетке толмаған балаларға арналған Архангельское балалар үйінде болып қайтты. Балалар қонақтарды жылы жүзбен қуана қарсы алды.
Өздері секілді оқушылардың келуі балғындар үшін жаңалық болды. Оқушылар күшімен ұйымдастырылған концерт, мереке, әкелінген және оларға ұсынылған ойыншықтар, кеңсе тауарлары, тәтті сыйлықтар – олар үшін бағалы сыйлық. Дегенмен ең бастысы – ықылас, ол – баға жетпес нәрсе. Барлық концерт нөмірлері сүйіспеншілікпен және жан жылуымен орындалды, көрермендер риза болып, қол шапалақтарын аямады. Балалардың қуанышты жүздерін көріп, көңілімізде шаттық орнады. Жанымыз жылылыққа толды, себебі біз ықылас-назарға мұқтаж балаларға азғантай болса да махаббат мен ықылас сыйлай алдық.
Біз де құр қол қайтпадық, тәрбиеленушілер әрқайсысымызға өздері жасаған естелік сыйлықтар берді. Барлығымыз тағы бір мәрте келіп, жанға жақын болып кеткен осы балалар өміріне бақыт сыйлау тілегімен кетіп бара жаттық. Балалар үйінің әкімшілігі мен педагогтеріне және балаларына жылы да жарқын қабылдағандары үшін алғыс сөздерін айтқымыз келеді.
Бізге өздерінің жылуын сыйлаған Бескөл орта мектеп-гимназиясының директоры Нина Петровна Масловаға, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.В. Высоцкаяға және балаларға шексіз алғысымызды білдіреміз.
Осы акцияға басқа да адамдардың қосылатынына сенімдіміз. Игілік үшін басқаларға жақсылық жаса!
Аудандық аналар кеңесінің төрайымы
О. Евсюкова
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
ЕЛІМІЗДЕ ҚХА ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН 1200-ДЕН АСА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
-
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды