Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Ақпан, 2016

876

«Жақсылық жаса! Твори добро!» акциясы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жақсылық жаса! Твори добро!» қайырымдылық акциясы аясында аудандық аналар кеңесінің төрайымы О.Евсюкова, Бескөл орта мектеп-гимназиясының педагогтері мен оқушылары кәмелетке толмаған балаларға арналған Архангельское балалар үйінде болып қайтты. Балалар қонақтарды жылы жүзбен  қуана қарсы алды.

Өздері секілді оқушылардың келуі балғындар үшін жаңалық болды. Оқушылар күшімен ұйымдастырылған концерт, мереке, әкелінген және оларға ұсынылған ойыншықтар, кеңсе тауарлары, тәтті сыйлықтар – олар үшін бағалы сыйлық. Дегенмен ең бастысы – ықылас, ол – баға жетпес нәрсе. Барлық концерт нөмірлері сүйіспеншілікпен және жан жылуымен орындалды, көрермендер риза болып, қол шапалақтарын аямады. Балалардың қуанышты жүздерін көріп, көңілімізде шаттық орнады. Жанымыз жылылыққа толды, себебі біз  ықылас-назарға мұқтаж балаларға азғантай болса да махаббат мен ықылас сыйлай алдық.

Біз де құр қол қайтпадық, тәрбиеленушілер әрқайсысымызға өздері жасаған естелік сыйлықтар берді. Барлығымыз тағы бір мәрте келіп, жанға жақын болып кеткен осы балалар өміріне бақыт сыйлау тілегімен кетіп бара жаттық. Балалар үйінің әкімшілігі мен педагогтеріне және балаларына жылы да жарқын қабылдағандары үшін алғыс сөздерін айтқымыз келеді.

Бізге өздерінің жылуын сыйлаған Бескөл орта мектеп-гимназиясының директоры Нина Петровна Масловаға, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  А.В. Высоцкаяға және балаларға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Осы акцияға басқа да адамдардың қосылатынына сенімдіміз. Игілік үшін басқаларға жақсылық жаса!

 

   

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы

О. Евсюкова

Кейін қарай