18 Сәуір, 2018
965
Жаңғыруға жаңаша бағыт беретін оқулықтар
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» республикалық жобасының алғашқы нәтижесінің таныстырылымы 18 сәуірде Тараз «Парасат» колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «National bookdating» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты - жарыққа шыққан кітаптар мен оқулықтар туралы білімгерлер арасында насихаттау жұмысын жүргізу. Аталған шара барысында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы және әлемнің озық үлгідегі рухани қазынасынан аударылған 18 кітап туралы арнайы бейнеролик көрсетілді.
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Альбина Тапаева және М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары Парида Мамедова «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасының басты мақсаты – жастардың білім деңгейін әлемдік дәрежеге көтеру, шетелдік озық тәжірибелер мен теорияларды саналарына ерте сіңдіру және әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыта отырып, сол туындылардың рухани маңыздылығы жайында ой қозғады. Сонымен қатар, сөз соңында жарық көрген оқулықтардың барлығы дерлік бәсекеге қабілетті жастарды даярлау үшін аса бағалы құндылығымызға айналары сөзсіз екеніне ерекше тоқталды.
Аталмыш шара барысында оқытушылар мен білімгерлер жарық көрген жаңа оқулықтарға өз тараптарынан оң пікірлерін ортаға салып, алдағы уақытта әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндердің сағат санын ұлғайтса деген ұсыныстарын да білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Практикаға бағытталған курс: бесінші күн
-
Практикаға бағытталған курс: үшінші күн
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті