Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Ақпан, 2017

666

Жалпыреспубликалық лекторий аясында

2017 жылдың 24 ақпанында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері жалпыреспубликалық лекторий аясында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шаған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Іс-шара мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру.

Қызықты әрі танымдық диалог барысында «Қоғамдық келісім» КММ сараптамалық-талдау бөлімінің басшысы А.Т.Жумина, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент В.Ә.Есенгалиева, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ дүние жүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндерінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты А.Ш.Журасова Жолдауды жүзеге асыру жұмысының негізгі бағыттарын түсіндіріп, тыңдармандар сұрақтарына жауап берді. Дәріскерлер тыңдаушылардың негізгі назарын Жолдауда айтылған Қазақстанның төртінші өндірістік революция жолына өтуі адам капиталының сапасын жақсартуға мүмкіндік беретіндігіне аудартты. Мұнда ең алдымен білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс және ол жаңа экономикалық өсу моделінің орталық буыны болуы тиіс. Дәл осы ұлттың интеллектуалдық деңгейі оның жаhандық әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Ұлт білімі – бұл ел болашағына салынатын, табыстың ең жоғарғы пайызына кепілдік беретін тамаша инвестиция болып табылады.

Кейін қарай