Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Наурыз, 2022

2795

Жамбыл облыстық ҚХА кеңесінің отырысы өтті

2022 жылғы 30 наурызда "Қоғамдық келісім" КММ-де Жамбыл облыстық ҚХА Кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшылығы, Жамбыл облысы ҚХА Кеңесінің мүшелері және этномәдени бірлестіктердің басшылары, өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, модератор Алмас Садубаев құттықтау сөз сөйледі. Спикер өз сөзінде: - Бейбітшілік пен келісім - біздің мызғымас ұранымыз. Бұл басты құндылықтар бүгінде әлемдегі геосаяси ахуал аясында өте өзекті және сұранысқа ие. Бүгінгі таңда әлемде орын алып жатқан жағдайлар күрделене түспесе, жеңілдетілмейді. Әлемдегі экономикалық жағдай елдегі этномәдени жағдайға да әсер етуде. Сондықтан жаңа жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясы шын мәнінде біріктіруші және жалпыазаматтық институтқа айналуы тиіс. Сөз жоқ, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған реформалардың табысты болуының кепілі қоғамдағы бірлік пен келісім ғана бола алады. Бағдарламалық құжатта Президент саяси жүйе мен экономиканы реформалау, бүкіл қоғамды трансформациялау жөнінде түбегейлі ұсыныстар енгізді. Осы тұрғыдан алғанда, Ассамблея уақыт талабына сай дамып, бейбітшілік пен рухани келісім мәдениетін, толеранттылық пен барлық этностардың бірлігі қағидаттарын ілгерілетуде сенімді жолсерік болуға тиіс.


Бұдан әрі Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, іс-шараға қатысушылардың назарын ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы" Жолдауына аударды. Ол қатысушыларға осы маңызды мемлекеттік құжаттың тармақтарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Этносаралық салада атқарылған жұмыстар мен қойылған міндеттер туралы Жамбыл облысы ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Латиф Айдаров баяндама жасады. Парида Иманжанқызы Кеңес қатысушыларын "Қоғамдық келісім" КММ-нің 2021 жылғы және осы жылдың бірінші тоқсанындағы іс-қимылымен таныстырды. Өз сөзінде ол барлық бөлімдердің, құрылымдардың жұмысына, өткізілген іс-шараларға және жақын арада атқарылмақ жоспарларға толықтай тоқталды.


Латиф Айдаров болса, "Досыңды үйрет", "Еңбек ұжымдарында ҚХА ұяшықтарын құру", "Жастар бастамаларын қолдау" жобалары туралы нақтылай айтып берді.

Этномәдени бірлестіктерді аккредиттеу мәселесі бойынша "Қоғамдық келісім" КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова түсіндірме берді.

Іс-шара барысында қатысушылар өзекті сұрақтар қойып, соңы оларға қанағаттанарлық жауаптар берілумен өңірлік ассамблея кеңесінің отырысы аяқталды.

Алда жаңа міндеттер мен оларды жүзеге асыру жоспарлары тұр.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

Қоғамдық келісім "КММ

Баспасөз қызметі орталығы


Кейін қарай