Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Ақпан, 2022

3085

Жамбыл облысында «Қоғамдық қабылдау» кеңесі қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр

Өткен айда Жамбыл облысы әкімдігінің жанынан «Қоғамдық қабылдау» кеңесі құрылған болатын. Бұл кеңес өзінің жұмыс бағытын қаңтар төңкерісіне қатысты арнайы комиссия құрудан бастап, жергілікті халықтың және балалары зардап шеккен ата-аналардың мұң-мұқтажын тыңдау, көмек беру мақсатында «Қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылып келеді. Тараз қаласында бірнеше ата-аналардың арыз-өтініштері қабылданып, қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл үрдіс аудандарда да жалғасын тапты.

Осының негізінде Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында Жамбыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық қабылдау» мен аймақтық ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері бірлесе отырып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар арасында «қаңтар оқиғасына» байланысты адам құқығын қорғау мәселелері талқыға салынды.


«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиевтің жетекшілігімен ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген көкейкесті біршама мәселелердің түйіні шешілмек. Ал облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Уалихан Болатбекұлы ата-аналардың ұрпақ тәрбиесіне жіті мән бергенін қалайды. Оның айтуынша, жастар әлеуметтік желіде оқыған ақпаратының көбін сүзгіден өткізе алмайды. Осыған орай, ауыл, қала жастарымен жан-жақты тусіндіру және сараптама жұмыстары жүргізілу керектігі айтылды. Сонымен бірге, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжанқызы да көпбалалы аналармен жүздесіп, оларды ойландырып жүрген түйткілді мәселелері мен шағымдарына құлақ қойды. Ауыл әйелдерінің өтініш-арыздары тиісті орындарға жолданатындығы сөз болды.


Сондай-ақ, Т.Рысқұлов аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Өтегенов те халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу мүмкіндігі қоғамдық тыныштық пен келісім жағдайында ғана жүзеге асатынды

ғын айрықша атап өтті.

Кейін қарай