11 Сәуір, 2016
730
Жарғылық функциялардың тиімді іске асырылуы
2016 жылғы 8 сәуір күні облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының «Коғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі мен Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінің бас бухгалтерлері мен әкімшілік-шаруашылық бөлімдерінің басшыларына арналған онлайн-конференция болып өтті.
Семинар барысында қатысушылар:
- «2016 жылы «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлерінің жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыру туралы»;
- «ҚР заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында КММ қызметтерінің негізгі бағыттары туралы»;
- «ҚР заңнамасына жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҚХА жобаларын іске асыру бойынша жеткізушілермен өзара іс-қимыл туралы»;
- «Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша бухгалтерлік есепке алу мәселелері туралы»;
- «КММ қызметін жоспарлау және еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесі туралы»;
- «Кадрлармен қамтамасыз ету және құжаттарға сараптама жасау саласындағы құқықтық мәселелер (жаңа еңбек кодексіне сәйкес)» - тақырыптарында талқылау жүргізілді.
Семинар аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры – Наталья Калашникова және «Қоғамдық келісім» РММ қызметтерінің жетекшілері; әкімшілік-шаруашылық қызметінің жетекшісі – Бибігүл Молдабекова, мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекшісі – Ерік Шапенов, бас бухгалтердің орынбасары – Гүлсара Шуншалина, бас экономисті – Жанаргүл Қожахметова, жоспарлау және кадрлармен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі – Дәрмен Сәкеновтер сөз сөйледі.
Семинар «Ахуалдық мәселелерді шешу» болгімен аяқталып, «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері мәселелерді шешудің тетіктерін іс жүзінде көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
Ассамблея жастары «Алдағы 5-10-15 жылда сұранысқа ие болашақтың ТОП 50 мамандығы» жобасын іске қосты
-
Орал қаласында ұйымдастырылған «Этномәдени ортадағы коммуникациялардың тиімді стратегиялары мен тактикалары» атты республикалық семинар-тренингтің екінші күні