
26 Маусым, 2018
1023
«Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» жазғы мектебі
Ағымдағы жылдың 25 маусым – 1 шілде аралығында «Самал» емдеу-сауықтыру орталығында (Жамбыл облысы, Тараз қаласы) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы, Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» тақырыбындағы Жазғы мектеп өтіп жатыр.
Семинардың профессор-оқытушылық құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Н. Шанаи, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі А. Садвокасова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С. Мустафин, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Т. Қалиев, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты Кавказ және өңірлік қауіпсіздік мәселелері орталығының аға ғылыми қызметкері А.АЯрлыкапов, «Нұр Отан» партиясының ақпараттық-насихат тобының мүшесі К.М. Казкенов және басқа сарапшылар кіреді, «Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығы» ЗТБ сарапшы-исламтанушы Ш. Пулатов және т.б.
Семинар-тренингтің негізгі аудиториясы облыстар, Астана, Алматы және Шымкент ққ. жас мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жас көшбасшылары.
Семинар-тренинг жұмысы барысында мынадай мәселелер талқылануда: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде айқындалған жалпыұлттық бірілік пен бірегейлікті қалыптастыру бойынша міндеттердің мәнін ашып көрсету; Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының қорытындысы бойынша қоғамдық сананы жаңғырту мен қазақстандық бірегейлікті берік етудегі міндеттерін жүзеге асыру тетіктерін талқылау; қоғамдық қатынастардағы діни ағымдарды қарастыру және деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл әдістерін анықтау; қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасу.
25 сәуірде жастар алдында Нәзипа Шанаи «Қазақстан халқы Ассамблеясы: жастар ортасында бірегейлікті нығайту міндеттері», Талғат Қалиев «Ре-исламизация және мұсылман қауымдастығының күрделену жағдайындағы ТМД елдеріндегі мемлекеттік конфессиялық қатынастар сын-тегеуріндері» Талғат Қалиев «Сәтті әлеуметтену және мән-мағыналық қақпандар», Ахмет Ярлыкапов «Мемлекет және мұсылман қауымы: әрекеттесу алаңы» тақырыптарында баяндама жасады.
Бүгін Шерход Пулатов «Қазіргі Қазақстандағы діни құндылықтар» тақырыбында миға шабуыл түрінде өткізді.
Дата события ассамблеи: 26.06.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ӨТТІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
БАҚ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НЫҒАЙТУ ҮШІН ТОПТАСУЫ ТИІС
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ӨТТІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
БАҚ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НЫҒАЙТУ ҮШІН ТОПТАСУЫ ТИІС