Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Сәуір, 2022

640

Жастармен кездесу

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының өкілдері мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі, Технологиялық бөлімінің студенттерімен кездесті. Кездесу бейбітшілік пен келісім орталығында өтті.


Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған. Оның мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайын баяндау, сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінен есеп беріп, «Ассамблея жастары» жұмысының бағыттарын көрсету болды. Іс-шараға қатысқан жастарға Облыстық Ассамблеяның жұмысы туралы презентация жасалып, бейнефильм көрсетілді.

Содан кейін А.М. Мукушева кездесу қатысушыларына «Қазақтану» жобасы туралы егжей-тегжейлі баян етті, ал А. Сыздықова өз сөзінен кейін студенттерді «Ассамблея жастары» жастар бірлестігінің қатарына қосылуға үндеді. Студенттерге Сөз сөйлеушілер қызықты тақырыптарда әңгіме өрбітті. Кездесу көңілді де қызықты өтті. Оларға Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік желілідегі парақшаларға жарияланған Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясында өткен іс-шаралар туралы посттар, конкурстар туралы хабарландырулар және басқа да жарияланған пайдалы ақпараттар көрсетілді. Б.Қ. Базарбаев колледждің педагог-ұйымдастырушысы И. Хайретдиноваға, оқу орнының 90 жылдық мерейтойына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының құттықтау хатын табыстады. Естелік бұйым ретінде «Ассамблея жастары» логотипі бар блокноттар мен қаламдар сыйға тартылды.


Іс - шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті. «Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі жастарды әрқашан құшақ жая қарсы алады!»- деп жазылған оптимистік жазбамен іс-шара түйінделді.

Кейін қарай