06 Ақпан, 2016
732
Жаттығуға тұр!
Біз көпшілік үшін! Біз спорт үшін!
Петропавлда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне «Таңғы жаттығу» республикалық жастар флешмоб-акциясы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» КММ болды.
Орталық алаңда көңілді және тату қала жастары мен көпшілік ширақ музыка үнімен он бес минуттық дене шынықтырумен айналысты.
Атап айтсақ, бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 162 мыңнан астам адам спортпен және дене шынықтырумен шұғылданады, бұл халықтың жалпы санынан 28 пайызды құрайды. Өңірімізде спорттың 77 түрі дамыған, үш мың спорт ғимараты жұмыс істейді.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша біздің өлкеміздің аймағында хоккей, теннис корттары салынды, футбол және шағын футбол алаңдары енгізілді, спорт сарайы, «Қарасай» стадионында жабық хоккей корты пайдалануға берілді. Халықтың денсаулығын сақтау және жақсарту республикамыз үшін, оның әр тұрғыны үшін өте маңызды екені даусыз.
- Бізге сапалы адами капитал, ұзақ өмір қажет! Бізге спорт пен салауатты өмір салтын таңдайтын белсенді жастар керек! – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов.
- Біз салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде көп айтып, жазуымыз мүмкін, алайда осындай акциялар бәрінен де тиімдірек. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында өз денсаулығыңа деген жауапкершіліктің маңыздылығын ерекше атайды. «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілгендей, дәл осы салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып табылады.
Сахна төріндегі жүргізушілер петропавлдықтарды жүрумен айналысуға, шаңғы, коньки тебуге және фитнеспен шұғылдануға шақырды.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Д.Валеевпен кездесу өткізді
-
Қарағандыда республикалық деңгейде «Достық аймағы» атты жалғыз басылым жарық көреді
-
Қарағандыда көше атауларын өзгертуді қолдаған тұрғындар Абайдың әнін шырқады
-
Юлия Кан: Өмірімнің ең қиын сәттерінде аяғымнан тік тұруыма себепкер болған қасиетті қара жерге шексіз қарыздармын
-
Таразда «Ауыл әкімі болғым келеді» байқауының жеңімпаздары марапатталды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті