
05 Қыркүйек, 2022
670
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ – БӘРІМІЗ БІРІМІЗ ҮШІН, БІРІМІЗ БӘРІМІЗ ҮШІН
2022 - жылдың 2-тамызында елордалық Достық үйінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында Тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығының ресми ашылуы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов және өңірлік тәжік этномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысты.
Шараны Марат Әзілханов бастады. Өз сөзінде ол жаңа Қазақстан әділеттілік пен өзара құрмет қағидаттарын сақтайтынын атап өтті.
- Жолдау Қазақстанның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын реформалаудыңбарлық басты бағыттары бойынша нақты тапсырмаларды қамтиды. Мемлекет басшысы айтқандай: «Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ. Ел бірлігі қашанда ең басты құндылық саналған. Қазір оның өзектілігі арта түсті». Республикалық орталық елдегі тәжіктердің барлық этномәдени бірлестіктерін біріктіретіні сөзсіз, - деді Марат Алмасұлы.
Сондай-ақ, ол тәжіктердің республикалық этномәдени орталығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көп көңіл бөлетін этносаралық келісімді қамтамасыз етуге шақырды.
Бағдарламасы барысында Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржан Исмаилов мемлекеттің басты құндылығы –бірлік екенін атап өтті.
Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржон Исмаилов: «Ортақ тарихы бар көпұлтты елде түрлі этномәдени орталықтар жұмыс істейді. Тарихта алғаш рет «Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ресми түрде тіркелді. Өңірлерде біз 11 филиал аштық. Ұрпақтар сабақтастығы мақсатында жастар қозғалысы, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі құрылды.
Президент Жолдауында тіл мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген балаларды тәрбиелеу керек. Тіл – бұлөткенді ғана емес, қазіргі мен болашақты да байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тағдыры бесіктен, отбасынан басталады. Этномәдени орталығымыздың алға қойған жоспарлары өте көп. Ұсыныстарымның бастамасы ретінде 22-ші қыркүйек Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Қазақ еліне мың алғыс!» атты шарасын өткіземіз».
Шара соңында қатысушылар қазақстандық қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған барлық тетіктердің тиімді жұмыс істеу мәселелерін тарқатты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Практикаға бағытталған курс: үшінші күн
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
БАҚ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НЫҒАЙТУ ҮШІН ТОПТАСУЫ ТИІС
-
П.Кесоглу: «Президент марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға»
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Практикаға бағытталған курс: үшінші күн
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
БАҚ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ НЫҒАЙТУ ҮШІН ТОПТАСУЫ ТИІС
-
П.Кесоглу: «Президент марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға»
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел