Қазақстан халқы Ассамблеясы

9027

Алмагүл Сарыбай: Әрбір Жолдау – болашаққа жоспар, бағдар

Ел президенті Қасым-Жомарт Қазақстан халқына арған алғашқы Жолдауында не туралы айтылатыны барлық қазақстандықты қызықтырғаны белгілі. Халық қандай істер шешімін табар екен деп күтеді. Өйткені әрбір жолдау – болашаққа жоспар, бағдар.

Жолдау халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Ел арасында үлкен дау тудырған жер туралы сұрақ өз шешімін тапты.

Халықпен тиімді кері байланыс орната білу, адамдардың зәру мәселесін шешуге жедел ден қою - мемлекеттік органдар жұмысындағы басты бағыт.

Президент жолдауындағы алдағы уақытта қолға алынатын екінші шарада Президент Әкімшілігінде азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылды. Көп жағдайда азаматтарымыз орталық және жергілікті органдар басшыларының құлықсыздығы мен «бейқамдығына» байланысты Президентке жүгінуге мәжбүр болады.

Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағымдар нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін көрсетеді. «Енді бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешімдер қабылдаған жөн» деген сөзі қарапайым халықтың көкейіндегі сұрақтары оңтайлы шешімін табатындығын айғақтай түскендей.

«Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз» деп халықты елдің бірлігін, тыныштығын сақтауға, бейбітшілікті ғұмырлы етуге, халықтар арасындағы достықты нығайтуға үндеді. Сонымен қатар қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін де көп істер тындыруымыз қажет екендігін айтты.

Жолдауда еліміздің, халқымыздың болашағы үшін көптеген мәселелерге орай кесімді сөздер айтылған. Біз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ел болып аянбай жұмыс жасауымыз керек.    

Алмагүл Сарыбай,

Ақтөбе облыстық ҚХА жанындағы 

толеранттық мәселелермен айналысатын

Аналар Кеңесінің мүшесі


Кейін қарай