
16901
Жанар Кенжеғалиева: Тарихымыз бен ұлы тұлғаларымызды дәріптеу арқылы өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғашқы халыққа Жолдауын аса жауапкершілікпен қабылдадым. Оның бағыты нақты болды және қоғамның басты сұрауларына жауап берілетінін айтты.
Жолдауда жаңа бағыттар көрсетілді, жаңа міндеттер жүктелді. Ел дамуын көздейтін мәселелердің қатарына тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру жағы да кірді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейту қажет екендігіне де баса назар аударды. Себебі, тіл – үлкен саясаттың құралы. Келер жылы әл-Фарабидің, Абай сынды ұлыларымыздың мерейтойларын атап өту жоспарланды. Тарихымыз бен ұлы тұлғаларымызды дәріптеу арқылы өскелең ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелейміз. Зейнетақы, білім беру, кәсіпкерлікті қолдаудағы оң өзгерістер еліміздің қарыштап дамуына апарар бірден-бір жол деп білемін.
Жанар Кенжеғалиева,
Қарағанды облысы ҚХА
Аналар кеңесінің төрайымы
Ұқсас жаңалықтар
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті