Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы

2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – ҚХА) XXVI сессиясында Елбасының, қатысушылардың қолдауымен «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы қабылданған болатын. Жобаны іске асыру туралы тапсырма Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 18-35-3.1 хаттамасының 8.2-тармағымен бекітілді.

«Қазақтану» жобасы қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін Қазақстан Республикасы халқының қоғамдық санасына енгізу жүйесін құру мақсатында қолға алынды.

Бірінші кезеңде іске асыру мақсатында «Қоғамдық келісім» РММ құрамында барлық мүдделі тараптарды тарта отырып жұмыс тобы құрылды, ұқсас топтар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар әкімдіктерінің құрамында қалыптастырылды, 58 іс-шараны қамтитын 2018-2019 жылдарға арналған тұжырымдама мен іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) әзірленді. Бұл Жоспар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар әкімдіктермен, ҚХА хатшылықтарымен, «Қоғамдық келісім» РММ, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесімен, этномәдени бірлестіктермен, «Жаңғыру жолы» РЖҚ бірлесіп жүзеге асырылды. Жобаның серіктестері «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы болды. Лекторлар мен лекторий спикерлерінің пулы (100-ден астам адам) жасақталды және өзектілендірілді. Республикалық деңгейде бұл жоба ҚХА республикалық лекториясы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының семинар-тренингтері шеңберінде жүзеге асырылды.

Сондай-ақ аталмыш жоба 2016-2018 жж. және 2019-2021 жж. ҚХА тұжырымдамасын іске асыру іс-шаралар жоспары шеңберінде іске асырылды (2019 жылғы 13 мамырдағы № 271 Үкімет қаулысы).

«Қоғамдық келісім» РММ 2018 жылы «Қазақтану» республикалық лекторийлерін Ақмола (маусым), Қызылорда (қыркүйек), Қостанай (қазан) және Атырау (қараша) облыстарында өткізді. 21 елді мекенде 52 мекеме (ЖОО, колледждер, мектептер, кітапханалар, мұражайлар, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, әскери бөлімдер және т.б.) қамтылды, тыңдаушылар саны 10 000-нан астам адамды құрады. Республикалық лекторийге 70 спикер-лектор, оның ішінде 38 ғалым (ғылым докторлары – 15, ғылым кандидаттары – 23) қатысты.

2019 жылы республикалық лекторий Түркістан (қыркүйек), Павлодар (қыркүйек), Батыс Қазақстан (қазан), Қарағанды (қараша) облыстарында өткізілді. 15 елді мекендегі 26 мекеме (ЖОО, колледждер, мектептер, кітапханалар, мұражайлар және т.б.) қамтылды, тыңдаушылар саны 3 000-нан астам адамды құрады. Республикалық лекторийге 38 спикер-лектор, оның ішінде 23 ғалым (ғылым докторлары – 11, ғылым кандидаттары – 10, PhD - 2) қатысты.

Алғашқы лекторий Түркістан облысында (3-5 қыркүйекте) 5 елді мекеннің 10 мекемесінде (Түркістан, Кентау, Сарыағаш, Мақтарал (Атакент) және Жетісу (Жетісай) аудандарында) 12 лектордың, спикерлердің қатысуымен өтті: оның 3-і – ғылым докторлары, 5 – ғылым кандидаттары, 1 – PhD . Аталған іс-шараға қатысушыларды қамту 1000-нан астам адамды құрады (ЖОО студенттері мен оқытушылары, колледж және орта мектеп оқушылары мен мұғалімдері, мәдениет үйлерінің, Достық үйлерінің қызметкерлері, облыс кітапханашылары, педагогтар, қаланың ҮЕҰ, ЭМБ, Қоғамдық келісім кеңесінің, Облыстың аналар кеңесінің өкілдері, ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, ардагерлер, этномәдени бірлестіктердің, БАҚ өкілдері, музей қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері).

Екінші лекторий Павлодар облысында (6-7 қыркүйекте) өткізілді. Барлығы 8 лектор, спикерлер қатысты: оның ішінде ғылым докторлары – 5, ғылым кандидаттары – 1, PhD – 1, қоғам қайраткері – 1. Аталған іс-шараға 523 адам қатысты. Лекторий Павлодар облысының 4 елді мекеніндегі 5 мекемеде өткізілді (Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары және Баянауыл ауданы).

2019 жылы 16-17 қазанда Батыс Қазақстан облысында өткізілді. Лекторийдің ашылуы мен пленарлық отырыс Хадиша Бөкеева атындағы Облыстық қазақ драма театры ғимаратында өтті, оған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаевтың, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Исқалиевтың, ҚХА төрағасының орынбасары Ш.А.Пулатовтың, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Е.А.Әбілдің, Қарағанды облысы мәслихатының депутаты, білім меценаты Б.К.Алтынбековтың, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, барлығы 8 дәріскер-спикер: оның ішінде ғылым докторлары-1, ғылым кандидаттары-1, PhD – 2 қатысты.

Отырыс басталар алдында дәстүрлі түрде театр фойесінде Батыс Қазақстан облысы қолөнершілерінің қолданбалы бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Жалпы лекторийлер 3 елді мекендегі 6 мекемеде өтті (Орал қаласы, Бәйтерек ауданы және Теректі ауданы), осы іс-шараға қамтылған қатысушылар саны 600-ден астам адамды құрады.

ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаев өз сұхбатында аталған іс-шараның жұмыс барысы туралы, «Қазақтану» жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы сөз қозғады, Батыс Қазақстан облысы Ассамблеясының қызметі туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Исқалиев айтып берді, республикалық және жергілікті БАҚ-қа сұхбаттар берілді. Жалпы республикалық және жергілікті БАҚ-да аталмыш іс-шараны жариялау 30-дан астам жарияланымды құрады: assembly.kz, 24.kz/ru/news, kazinform, «Егемен Қазақстан», «Хабар 24», «Жайық пресс», «Жайық үні», «Ақжайық ТВ» баспасы, youtube.com, «Pulsplus», «puls-zko.kz», БҚО әкімдігінің сайты, maxat.kz, әлеуметтік желілер.

Лекторий барысында ҚХА төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаевтың қатысуымен жұмыс кездесулері ұйымдастырылды. Лекторийдің пленарлық отырысынан кейін қатысушылар БҚО ҚХА «Татуласу» орталығына барды, әрі қарай БҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының отырысы, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті; ұлттық колориттегі отандық өндіріспен (киіз үйлер, текемет, зергерлік бұйымдар және т. б.) және «Аяз» ЖШС жұмысымен танысу; «Юнисерв» ЖШС Қоғамдық келісім кеңесінің қайырымдылық қызметімен және жұмысымен танысу. Достық үйінде облыстық зиялы қауыммен, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен және мүшелерімен, Орал қалалық қоғамдық келісім кеңесінің, аналар мен ақсақалдар кеңесінің, журналистер клубының мүшелерімен және БҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар штабымен кездесу өтті. Батыс Қазақстан облысы Ассамблеясының активі Елбасының, ҚХА төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың 80 жылдығына арналған «Тұңғыш Президент жолымен» атты халық экспедициясын ұйымдастыру бойынша облыстық Ассамблеяның жұмысының, ҚХА-ның 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралардың тұсаукесерін ұсынды.

2018 жылдың 14-15 қарашасында Қарағанды облысында қорытынды лекторий өтті. Лекторийдің ашылуы мен пленарлық отырысы Жезқазған қаласы «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжіліс залында Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары З.Ж.Ақылбекованың қатысуымен өткізілді. Пленарлық отырысты модерациялаған Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, ҚХА мүшесі, ҚХА, ҚР білім меценаты Б.К.Алтынбеков. Лекторийге Қызылорда облысының қоғам қайраткері С.Аңсат, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері Т.Қ.Бурбаев, Қ.М.Қазкенов, ақын, жазушы Ғ.Ештанаев, социолог Қ.Г.Жұмақасова, сонымен қатар жас ғалымдар мен сарапшылар Б.Е.Жұмабаев, О.У.Беркінбай қатысты. Барлығы 10 спикер-лектор қатысты, оның ішінде: 2 – доктор, 3 – кандидат.

Қарағанды облысында «Қазақтану» жобасы бойынша дәрістер циклі 3 елді мекенде - Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданында 5 ұйымда («Нұр Отан» ғимараты, ЖОО, колледждер, мектептер) өткізілді, оған 600-ден астам адам қатысты (ЖОО студенттері мен оқытушылары, колледждер мен мектеп оқушылары, мұғалімдер, этномәдени бірлестіктердің, қаланың үкіметтік емес ұйымдарының, қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесінің өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері).

2018-2019 жылдардағы есептік кезеңде «Қазақтану» республикалық лекторийі 8 облыста (2018 ж. – Ақмола (маусым), Қызылорда (қыркүйек), Қостанай (қазан) және Атырау (қараша), 2019 ж. – Түркістан (қыркүйек), Павлодар (қыркүйек), Батыс Қазақстан (Қазан), Қарағанды (қараша) облыстарында өткізілді. 36 елді мекендегі 78 мекеме (ЖОО, колледждер, мектептер, кітапханалар, мұражайлар, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, әскери бөлімдер және т.б.) қамтылды, тыңдаушылар саны 13 000-нан астам адамды құрады. Республикалық лекторийге 108 спикер-лектор қатысты, оның ішінде 61 ғалым (ғылым докторлары – 26, ғылым кандидаттары – 33, PhD – 2).

Жалпы, 2019 жылы республикалық және өңірлік деңгейлерде 110 000 астам адамды қамтитын 214 іс-шара өткізілді.

Жалпы есептік кезеңде барлығы 526 іс-шара өткізілді, оның ішінде әр түрлі форматтағы көрмелер, фестивальдар және т. б. («Сағындырған әндер-ай» ретро-фестивалі (Атырау облысы), этностар өкілдерінің қатысуымен қазақ театрларына бару (Алматы қаласы), «Өз елімді тану» республикалық жастар экспедициясы (СҚО) және т. б.), Қазақтану тақырыбы бойынша шеберлік сыныптары, лекциялар, дөңгелек үстелдер және тәжірибе алмасу; «Абай Құнанбаев және Тарас Шевченко – Ұлы даланың ағартушылары» (Атырау облысы) атты әдеби кеш); «Ғасырлар мұрасын сақтап, көбейтеміз» атты қазақ мәдениетінің облыстық фестивалі, «Тіл – татулық тірегі» атты дөңгелек үстел – «бірлік бастауы» («Мәміле» жобасы аясында) (ШҚО), «Сөз маржаны» облыстық интеллектуалдық конкурсы, «Ою кадамдар» теориялық және практикалық сабақтар курсы, «менің тарихым, менің халқым, менің елім» облыстық жастар экспедициясы (Жамбыл облысы), «Қазақ тәрбиесі жүйесіндегі абырой мен қадір-қасиет» дәстүрлі қазақ тәрбиесі туралы», «Бесікке салу» театрланған қойылымы (БҚО), «Ас-адамның арқауы» ұлттық қазақ асханасының шеберлік сыныбы, «Елбасының ізімен» экскурсиялық маршрут (СҚО), әр түрлі этностардың жастары мен этномәдени орталықтар өкілдері арасындағы ұлттық ойындар сайысы (Түркістан облысы) және т.б. 300 мыңнан астам адамды қамтыған (жастар, ЖОО студенттері мен оқытушылары, колледждер мен орта мектептердің оқушылары мен мұғалімдері, мәдениет үйлерінің, Достық үйлерінің қызметкерлері, облыс кітапханашылары, педагогтар, қаланың ҮЕҰ, ЭКО өкілдері, қоғамдық келісім кеңесінің, Облыстың аналар кеңесінің, ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, ардагерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, БАҚ, музей қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері) іс-шаралар.

«Қазақтану» жобасының іске асырылу барысы республикалық және жергілікті БАҚ-тарда кеңінен жарияланды (телеарналарда, газеттерде мақалалар, әлеуметтік желілердегі посттар жарияланды). Жобаның тақырыбына БАҚ-тағы 800-ден астам жарияланым (оның ішінде республикалық арналар – 18, өңірлік арналар – 29, республикалық газеттер – 54, өңірлік газеттер-102, ҚХА мультимедиялық порталында – 303, Интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде-337) арналған.

 

Атап айтқанда, лекторлардың сапалық құрамы өткізілген іс-шараларға жоғары мәртебе беріп, халық арасында дәстүр, мәдениет, жас ұрпақты тәрбиелеу, қазақ халқының, тұрмыстың, халық батырларының ой-пікірлері, сондай-ақ өзекті бағыттар мен үрдістер, салт-дәстүр мен мәдениетті дамыту мәселелері туралы тақырыптарға қызығушылық танытты, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Барлық тақырыптар қатысушыларға, әсіресе жастарға, студенттерге, оқушыларға өте қызықты болды. Барлық өңірлерде жоғары оқу орындарында, кітапханаларда, Достық үйлерінде өте қызықты кездесулер өтті, қатысушылар латын әліпбиін енгізуге, жастар ұйымдарының жұмысына қатысты сұрақтар қойды.

Бұл жерде лекторий жұмыстары мазмұнды және нәтижелі өтті.

Спикерлер қызықты тақырыптарды ұсынды: Спикерлер «Көпғасырлық дәстүрлерді сақтау: қазақтардың мәдени коды және толеранттылық» (Ахметов А.К.), «Қазақтың көне және дамушы салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» (Әнес Ғ.), «Жаңа ұлттық әліпби және мемлекеттік тілдің болашағы» (Фазылжанова А.М.), «Қазақстанның киелі географиясы» (Жұмабаев Б.), «Мемлекеттің болашағы – жас буын» (Әбілдәқызы Қ.), «Қазақтың салт-дәстүрлері – ұлттың коды» (Оспан Б.), «Сын – ұлттың негізі» (Әлпейісова К.А.) «Ұлт тәрбиесіндегі ұлы ойдың рөлі» (Алтынбеков Б.К.), «Қазақтану және Қазақстанның көркею векторы», «Қазақстан дамуының жалпыұлттық идеясы және диалог» (Қазкенов Қ.М.), «Қазақ бірлігін нығайту факторлары» (Жақиянов Т.Ж.)., «Қазақы дүниетаным және ұрпақ тәрбиесі» (Аңсат С.Ә.), «Құндылықтар тоғысындағы қазақ менталитетінің даму ерекшеліктері» (Бурбаев Т.К.), «Мемлекеттік тіл – Ел тұтастығының кепілі» (Ештанаев Г.), «Қоғамның рухани жаңғыруындағы тарихи сананың маңыздылығы» (Жұмақасова К.Ғ.), «Қазіргі қоғам рөліндегі киелі (қасиетті) нысандардың алатын орны» (Жұмабаев Б.Е.), «Ұлы Дала паремиологиясы және Ұлттық код» (Исаева Ж.И.), «Қазақтану мәселесі – шетелдегі қазақ диаспорасының негізінде» (Беркінбай О.), «Қазақтану» жобасы – қоғамның ұйытқысы» (Пулатов Ш.А.), «Ұлағатты ойлардың ұлт тәрбиесіндегі орны» (Алтынбеков Б.К.), «Тіл – тәрбие тетігі, бірлік бесігі» (Қыдырниязова Ш.Б.), «Қазақ бірегейлігі: тарихи аспект» (Әбіл Е.А.) және т.б.

Жоба ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар, этникалық топтар өкілдері арасында кең жағымды қоғамдық резонанс пен қолдауға ие болды. 2020 жылы Республикалық лекторияларды Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өткізуі жоспарланып отыр.