Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасы мен «Еңбек жолы» байқауы туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасын іске асырудың басталғаны және осы жобаның бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша 2021 жылы «Еңбек жолы» байқауының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне «Еңбек жолы» республикалық байқауына белсенді қатысуды сұраймыз.

Осыған байланысты этномәдени бірлестіктерден «Еңбек жолы» байқауын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда (қоса берілді) «Байқауды ұйымдастыру тәртібі» атты 2-тарауда көрсетілген құжаттармен бірге 3 және одан да көп кандидатураны ұсынуды сұраймыз.

Өтінімдер 2021 жылғы 15 наурыздан бастап 1 шілдеге дейін өңірлік және қалалық деңгейлерде қабылданады. 2021 жылғы 1 тамызға дейін өңірлік деңгейде жеңімпаздар анықталып, олар 2021 жылғы 1-20 қыркүйек аралығында республикалық деңгейде «Еңбек жолы» байқауына қатысады.

Өтінімдер облыстық әкімдіктің жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы мен еңбек инспекциясының басқармасында қабылданады.

Жоба және байқау бойынша барлық ақпаратты алу үшін облыс әкімдігінің сайтына кіруді ұсынамыз.

әдістемелік ұсынымдар

іс-шара жоспары