Қазақстан халқы Ассамблеясы

633

Храпатый Анатолий Михайлович

Өмір жылдары: (1963-2008 жж.)

    Кеңестік қазақстандық ауыр атлет, 1988 жылы Сеулдегі Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 1996 жылы Атлантадағы Олимпиада ойындарының жүлдегері, ауыр атлетикадан бес дүркін әлем чемпионы және Еуропаның бес дүркін чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері (1984 ж.).

    Храпатый Ақмола облысының Атбасар ауданында туды. Төрт жасқа толғанында анасы сал ауруына шалдығып, әкесі балаларын тастап отбасынан кетіп қалған. Анатолийді үлкен ағасы Андрей тәрбиелеп шықты.

    Анатолий 14 жасынан штангамен айналысты. лет. Онда өз салмағы бар болғаны 33 килограмм, ал бойы 135 сантиметр еді. Бала кейін Қазақстанның даңқын асырған спортшылар шығарған атақты жаттықтырушы Александр Сидоровке тап болды.

    Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері

    Спортшының өмірбаяны ертегінің батырын еске салады. Ол қасірет пен жеңіске, өз жігерін жану мен бәрінен үстем шығатын махаббат күшіне толы болды.

    «Ол қазір біздің елімізді әлемдік аренада танытып жүрген барлық қазақстандықтарға шабыт берді, жол ашты және өздеріне деген сенімділікті оятты... Біз оны әрдайым есте сақтаймыз, Қазақстан спорты мен ауыл атлетика деңгейін Анатолий Михайлович жеткен биікте ұстаймыз». (Жанат Түсіпбеков Қазақстан Ауыл атлетика фелерациясының президенті).

    Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары

    Ауыр атлет Мария Грабовецкая 2008 жылы Пекин Олимпиадасында Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Храпатыйдың жолға дайындалғанын, алайда үлгермегенін еске алады. Себебі, жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады.

    Ауыр атлетші Мария Грабовецкаяның естеліктерінен: «Ол ерік-жігерлі және тәртіпті адам болатын, сонымен бірге өте мейірімді және мұқият болды, бізді әрқашан қолдап отырды. Біз оны жиі еске аламыз. Біз Олимпиада ойындарына қатысқан уақытта, құрамаға қолдау көрсету үшін бізге ұшып келуі керек еді: 16 тамызда мен Илья Ильинмен бірге өнер көрсеттім. Анатолий Михайлович: «Мен шаруаларымды аяқтап, сендерді қолдауға барамын» деді. Ал 11-күні ол өмірден өтіп кетті. Бұл жағдайды есту – бізге ауыр соққы болды. Бірақ біз тез арада есімізді жиып, күткен нәтижеге қол жеткіздік».

    Спорттық мансабы кезінде 5 әлемдік рекорд орнатты.

    1984 жылы Болгарияның Варна қаласында өткен турнирде қазақстандық спортшы 82,5 кг салмақ дәрежесінде екі жұлдызды рекорд орнатты - жұлқа көтеруде 181 кг және қоссайыстан 402,5 кг.

    Келесі маусымда ауыр атлет 90 кг салмақ санатына өтіп, алғашқы әлем чемпионатын жеңіп алды.

    Швецияның Седертель қаласында екі кеңес спортшысы - Храпатый мен Кемерово облысынан келген Виктор Солодов арасындағы алтын үшін жекпе-жек өтті. Екеуі де серпе көтеруде, серпуде және жалпы есепте бірдей нәтиже көрсетті және барлық жерде бірінші орындарды бөлісті.

    Осы сәттен бастап, Атбасардан шыққан ауыр атлетшінің әлемдік аренада үстемдігі басталды. Седертельдан кейін ол тағы төрт әлем чемпионатын жеңіп алды - 1986 жылы (София), 1987 ж. (Острава), 1989 ж. (Афина) және 1990 ж. (Будапешт), 1988 жылы Сеулдегі Олимпиадада жеңіске жетті, екі жаттығуда да, олардың жиынтығында да рекорд орнатты. Сонымен бірге, Храпатый қатарынан бес рет Еуропа чемпионатын жеңіп алды - 1986-1990 жж.

    1991 жылы дәрігерлер А. Храпатыйға ауыр диагноз қойды - оң аяқтың солуы. Бұл – спортшының мүгедектер арбасына таңылуын білдірді. Осыған қарамастан, спортшы барлық сынақтардан өтіп, алаңға 1992 жылы қайтып келді. Бірақ ең үлкен тосын сый - Храпатыйдың 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының алтыны үшін күресі. Онда біздің ауыр атлет 1992 жылғы грекиялық ойындар чемпионы Акакиос Какиашвилиспен тең дәрежеде айқасты. Храпатый жақсы нәтижеге қол жеткізді, бірақ серуде грузин тумасы ұтып, қатарынан екінші рет Олимпиада чемпионы атанды. Анатолий күміс медаль иеленді.

    Лифицев Ю. Дом, в котором богатырю было уютно // Казахстанская правда. 7 июля 2012.

    Сердитый Храпатый // Литер. 17 декабря 2008.

    Тяжелоатлет Анатолий Храпатый погиб за два дня до отлета в Пекин // Комсомольская правда. 17 декабря 2008.

    Памяти Храпатого: именем чемпиона-тяжелоатлета назовут улицу в Астане // Sputnik Казахстан. 10.08.2018. https://ru.sputniknews.kz/capital_life/

    Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатый тұрған үйге, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 5/1 мекен-жайы бойынша мемориалды тақта орнатылды. 2018 жылдың жазында Қазақстан астанасының ономастикалық комиссиясы шешім қабылдап, көшелерді тағайындау тізіміне оның есімін енгізді. Храпатый есімі елорданың жаңа бөлігіндегі 23-ші көшеге беріледі.

Кейін қарай