
401
Кобрин Вячеслав Григорьевич
Өмір жылдары: (1938 – 2008 жж.)
Көрнекті қоғам қайраткері, инженер және ақын. «Невада – Семей» антиядролық қозғалысының белсендісі әрі рухтандырушысы, Семей балалар мен бейбітшілікті қорғау комитетінің төрағасы. Семей қаласының Құрметті азаматы.
Вячеслав Григорьевич Кобрин 1938 жылы 7 қарашада Тверь губерниясының Оленин ауданының Мясница ауылында дүниеге келген. Днепродзержинск индустриалды техникумын бітірген.
1957 жылы Семейге жұмысқа жіберіледі, онда 1993 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін қала кәсіпорындарында жұмыс істеді.
Негізгі ғылыми еңбектері
Бос уақытында поэзиямен айналысқан. Ол 200-ден астам өлең жазды, олардың алпысқа жуығы әнге айналды. Оның жұмысының басты тақырыбы ядролық зұлымдықты әшкерелеу еді. Ақын Кеңес үкіметін Семей ядролық полигонындағы сынақтардан бас тартуға шақырды.
Ол бірнеше рет КОКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесіне, КСРО Қорғаныс және денсаулық сақтау министрлігіне жүгінді.
1986 жылы ол Ел басшысы М. Горбачевтің және Кеңес бейбітшілік қорғау комитетінің төрағасы Ю. Жуковтың атына хат жазды: «Біздің елімізге мораторий аяқталғаннан кейін, яғни 1987 жылдың басында ядролық сынақтар жүргізудің қажеті жоқ. Бүкіл әлем Кеңес үкіметінің осы бағыттағы әр қадамын мұқият қадағалап отырады...».
1987 жылы 6 мамырда сынақ полигонында қуатты жерасты ядролық жарылыс болды, қалаға ажалдың жойқын бұлты төнді. Дәл осы күні Семейде Балалар мен бейбітшілікті қорғау комитеті құрылды, ал төраға болып Вячеслав Кобрин сайланды. В.Г. Кобрин Семей, Алматы, Павлодар, Барнаул, Мәскеудегі митингтерде пацифистік сөздерін жолдады.
1987 жылы 7 қарашада Вячеслав Григорьевич Октябрь революциясының 70 жылдығына орай Ленин ескерткіші жанында «Ядролық сынақтар тоқтатылсын!» деп жазылған плакат ұстап тұрды.
Оның бейбітшілік үшін батыл күресі атом жарылыстарының қайғылы салдарына тап болған жерлестер арасында кең қолдау тапты.
Ол – «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі.
1991 жылы ядролық полигон жабылғаннан кейін кеңес бейбітшілік қорғау комитеті ақын Кобринді «Бейбітшілік үшін күрескерлер» Құрмет медалімен марапаттады. 1995 жылы Вячеслав Григорьевич Қазақстан халықтары Республикалық Ассамблеясының мүшесі болып сайланды. 1999 жылдың 19 қаңтарында оған «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 1999 жылғы 14 желтоқсандағы Жарлығымен В.Г. Кобрин антиядролық күрестің ардагері ретінде «Құрмет» орденімен марапатталды.
1. Кобрин Вячеслав Григорьевич // Почетные граждане Семипалатинского региона. - Алматы: «Аркас», 2005. - 240 с.
2. Белякина А. Круговорот событий // Наше дело. - 2009. - 8 января. - С. 6.
3. Белякина А. Пацифист // Наше дело. - 2010. - 11 ноября. - С.12, фото
4. Исаев Н. Гражданин мира // Вести Семей. -2009. - 22 января. - С. 3.
5. Шакабаев Р. Миротворец // Наше дело. - 2011. - 20 января. - С. 9.
«Прииртышье» өлкетану бірлестігі, Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі жыл сайын көптеген қала тұрғындары жиналатын еске алу кештерін өткізеді, бұл Вячеслав Григорьевичтің туған қаласына айналған Семейде қаншалықты танымал және сүйікті екенін байқатады.
Ұқсас жаңалықтар
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
4 Маусым, 10:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды