Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Былина» орыс ЭМБ жанынан құрылған Орыс Халық театры


Адрес: Атырау қ., Б.Құлманов көшесі, 129 «Достық үйі»

Байланыс телефоны: +7 701 727 2599, +7 701 715 9923

Орыс халық театры – Атыраудағы байырғы шығармашылық ұжымдардың бірі.

Ресми түрде театр 1952 жылы құрылды. Ол кезде театр өнерін сүйетіндер Гурьев (Атырау) мұнай өңдеу зауытының драма үйірмесімен біріктірілді, дегенмен Мәдениет үйіндегі үйірменің өзі сәл ертерек – 1949 жылы ашылған.

Саратов театр училищесін бітірген Белла Давыдовна Юнович қырық жыл бойы театрдың директоры және басты идеялық шабыттандырушы болды. Оның жетекшілігімен 1959 жылы «Малиновкадағы үйлену тойы» опереттасын қойғаны үшін театр КСРО-да алғашқылардың бірі болып «Халық театры» деген жоғары атаққа ие болды, және бүгінгі күнге дейін солай аталып келеді. Кейіннен халық театрын Б.Д. Юнович, кейін Юрий Александрович Пастухов басқарды. Бұл ретте шығармашылық ұжым оның авторлық сценарийі бойынша көптеген спектакльдер қойды.

Халық театры орыс, қазақ және шетел авторларының шығармаларын бейнелеп, сахнаға шығарды. Жастар және халық таланттары фестивальдерінің, көркемөнерпаздар ұжымдарының қалалық, облыстық, кейін республикалық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы және лауреаты.

Театр құрылған жылдар ішінде 200-ден астам спектакль қойды. Топтың сүйікті жанры әрқашан (траги-)комедия, ал кейіпкелері біздің замандастарымыз болды.

Соңғы 20 жылда театрды режиссер Павел Евгеньевич Скляренко басқарып келеді. Ол сонымен қатар бірқатар балалар қойылымдарының авторы.

Орыс Халық театры жұмысының басты белгілері – өмірмен тығыз байланыс, халық өнері мен кәсіби өнердің озық дәстүрлеріне сүйену.

Орыс халық театры «Былина» орыс этномәдени бірлестігі қоғамдық ұйымының ұжымдық мүшесі және этномәдени бірлестіктің барлық іс-шараларына белсенді қатысады. Жас, әуесқой театр әртістері – «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері.


Возврат к списку