Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Ақпан, 2017

924

"ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРЕГЕЙЛІК – ҚАЗАҚСТАНДЫ ТИІМДІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ КЕПІЛІ" ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

 

2017 жылдың 13 ақпан күні  Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана  ғимаратында "Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоры" Қоғамдық қоры ұйымдастырған ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРЕГЕЙЛІК – ҚАЗАҚСТАНДЫ ТИІМДІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ КЕПІЛІ" республикалық дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени және жастар бірлестіктері қатысты.

Кеңес барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсеке қабілеттілігі" жолдауын талқылады, сондай-ақ мемлекет басшысының конституциялық реформа мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді.

«Жаңа аптаны осындай маңызды іс-шарадан бастағанымыз мені қуантуда. Кешегі Елбасы Жолдауының мәні ерекше. Өткен жылы біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік. Бұл уақыт аралығында талай белестерді бағындырып, жетістіктерге жеттік. Біз алғашқы мүшел жастан өттік десек болады. Алдыда жаңа сын-тегеуріндер. Мықты елдің болашағы оның халқына, ұрпағына байланысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы бар бізде арман жоқ. Себебі Ассамблея бүгінде әлемдік бренд. Біз этностық өзгешелігімізді байлыққа айналдыра білдген халықпыз», - деді өз сөзінде Астана қаласының «Ахыска»этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев. 

 

Кейін қарай