18 Наурыз, 2017
718
Өңірлік семинар аяқталды
Бүгін Ақтауда «Қазақстан өңірлерінде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» тақырыбындағы үш күнге созылған өңірлік семинар аяқталды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, ҚХА кафедраларының өкілдері, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар, жалпы 10 дәріскер Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметшілері, облыстық ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктерінің өкілдеріне семинар жүргізді.
Өз істерінің нағыз мамандары мол тәжірибелерімен бөлісті. Нақты ақпараттарға сүйене отырып, дәлел-дәйектерімен өз тақырыптарының негізін аңғартты. 3 күнге созылған 24 сағаттық семинарда әр түрлі саладағы қызметкерлер көп мағлұмат алып, білімдерін тереңдете түсті. Дәріскерлерге көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасулар ұйымдастырды. Семинардың үшінші күнінде тыңдаушылар сауалнамалар толтырып, ұйымдастырушылар дәрісті қорытындылады.
Тыңдаушылар семинарда үйренгеніміз мол, әр түрлі тақырыпты қамтыған дәрістер білімімізді жетілдіре түсті деп ұйымдастырушылар мен дәріскерлерге ризашылықтарын білдірді.
Сөз соңында семинар-тренингке қатысқандардың барлығына сертификатар табысталды. Естеріңізге сала кетсек, семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың
2012 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан–2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті