Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қыркүйек, 2015

1158

«ӘНІМ САҒАН, ҚАРАҒАНДЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Біз - қарағандылықтармыз» фестивалі аясында бірнеше іс-шаралар мен түрлі байқаулар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Біз - қарағандылықтармыз» фестивалі аясында бірнеше іс-шаралар мен түрлі байқаулар өткізілді.

Ата Заңымыз бен Кеншілер күні мерекесінде «Әнім саған, Қарағанды» ән-саз байқауы да қорытындыланды. Жыл сайын өткізілетін бұл жоба белгілі тақырыптарға арналады. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған аталмыш байқаудың бұған дейін іріктеу кезеңі өткен болатын. Онда облыстық этномәдени бірлестіктердің өнерпаз мүшелері өз таланттарын паш етті. Қатысушылардың арасынан сегіз этномәдени ұйымның өкілдері финалға жолдама алды:

Фомичева Виолетта – «Ахыска» түрік орталығы;

Вокальный ансамбль «Русалица» - Славян орталығы;

Мак Кристина – «КОПО «Polonia» қоғамдық бірлестігі;

Кулишевич Михаил – «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігі;

Дуэт «Доруле» - румын орталығы;

Альтемиров Руслан – «Дружба» орталығы;

Давлетбаева Гульзар – корей орталығы;

Қабжанова Зарема – румын орталығы.

Орталық мәдениет және демалыс паркінің бас сахнасында өткізілген байқаудың финалында қатысушыларға 2 әннен орындауға талап қойылды. Оның бірі этностардың өз ұлттық әндерін орындау болса, екіншісі мемлекеттік тілде ән шырқау міндеттелді.

Әділқазылар конкурсты қорытындылай келе, бас жүлдені «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігінің өнерпазы - Кулишевич Михаилға табыстады.

«Әнім саған, Қарағанды» музыкалық байқауының басты мақсаты мен міндеті – талантты жастарға барынша қолдау көрсетіп, эстрадалық вокал өнерін дәріптеу және оны жан-жақты дамыту.

Қарағанды облысы әкімдігінің

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim_krg@bk.ru

Кейін қарай