Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Маусым, 2014

839

2014 жылы 25 маусымда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ХVII кезекті сессиясы өткізілді

2014 жылы 25 маусымда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ХVII кезекті сессиясы өткізілді

Сессияға Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері,Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Көкшетау» мәдениет Сарайында өткен сессияның күн тәртібінде: «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІ сессиясында ел басшысымен қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша қызметі» мәселесі қаралды.
Қазақстан халқы ассамблеясының 21 сессиясында еліміздің Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолындағы мемлекеттердің барлық азаматтары үшін негізгі болып табылатын жеті негізгі стратегиялық ұстанымдарды атап өтті. 
ҚХАА өз жұмыстарының және  ассамблеяға тұрақты түрде нәтижелі жұмыстарын өткізіп тұратын этномәдени бірлестіктердің жұмыстары бойынша қорытындысын жасады. Мемлекеттік тілді және ана тілдерді оқыту, ұлттық мәдениеттердің фестивальдарын, дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу жүзеге асырылады, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымына түрлі фестивальдарға қатысу мүмкіндігі жасалған. 
Этносаралық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету үшін Ақмола ассамблеясы жанында бірқатар қоғамдық құрылымдар құрылды: Ғылыми-талдау орталығы, Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығы, тілшілер Клубы, аналар Кеңесі, балалар және жастар ұйымының Ассоциациясы, халықтық декоративті-қолөнер шығармашылығы шеберлерінің Ассоцациясы.
Этносаралық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту жұмыстарын жүзеге асыру  шеңберінде Ақмола ассамблеясы мүшелерінің ішінен облыстық ассамблея жұмыстарының нәтижесін арттыруға, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланысты орнатуға негіз болатын 10 жұмыс тобы құрылды. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының бастауымен облыста: «Единство целей – единство духа», «Я - казахстанец», «Казакша караоке», «Поющая Полония»,  «Казачьей песни» атты патриоттық акциялар, фестивальдар, сондай-ақ «Наурыз», «Масленица», «Сабантуй» сияқты халық мерекелері өткізіліп тұрады.  
Облыстық ассамблея Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі үлкен жұмысты жастармен өткізеді. Мұнда «Ассамблея – бірлікке жеткізетін жол» атты мега жобасы, Президенттің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру бойынша дөңгелек үстелдер, мектеп оқушылары мен студенттер конференциясы, акциялар, флешмобтар, жастар жиналысы, форумдар, ұйымдарға, кәсіпорындарға, тұрғын үйлердің аула алаңдарына шығу іс-шаралары жұмыстарын атап өтуге болады. Мемлекеттік тілді дамыту негізгі шара болып қалады. Облыста екінші жыл қатарынан мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тіл Февтивалі шеңберінде қазақ тілін білуге арналған байқаулар, конференциялар өткізіліп тұрады. «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің жанында қазақ тілін оқыту сыныбы өз қызметін атқаруда. 
Облыста сонымен қатар басқа этностардың тілдерін дамыту үшін де жағдайлар жасалған. Бүгінгі таңда облыста этномәдени бірлестіктердің жанында ана тілдерін оқыту бойынша жексенбілік топтар мен Көкшетау қаласында үшінші жыл қатарынан Қазақстан тұрғындарының 8 тілін үйрететін «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебі жұмыс істейді.
Іс-шараның соңында атақты көкшетаулық ақын Сырым Рахимов Украина туралы жүрекжарды өлеңін оқып берді, мұнда ақын өзін гуманист және жанжалдарды бейбіт жолмен шешуші позициясын ұстанатындығын білдірді. 

 

Кейін қарай