Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қаңтар, 2020

1185

2021 жылғы Еуразия халықтары Ассамблеясының Бас сессиясын Қазақстанда өткізуді ұсынды

29 қаңтар күні Қазақстан-Ресей шекара аймағындағы Орынбор қаласында екі елдің достық құрылымдары кездесіп, «Этномәдени салада мемлекеттік-қоғамдық қарым-қатынас моделі» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орайластырылып өткізілді.

Ресей халықтары Ассамблеясының төрағасы Светлана Смирнова қазақстандық әріптестерімен Ынтымақтастық меморандумы аясында 2020 жылы екі елдің Достық үйлерінің арасында екіжақты тәжірибе алмасу жылын өткізу туралы бастама көтерді. Сондай-ақ, С.Смирнова 2021 жылғы Еуразия халықтары Ассамблеясының Бас сессиясын Қазақстанда өткізу жөнінде ұсыныс білдірді.


Дөңгелек үстел жұмысына сондай-ақ, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Ю.Мищеряков, РФ Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы өкілі Н.Жәнәбілов, Орынбор облысының Ассамблеясының президенті В.Амелин, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары Ассамблеясы төрағаларының орынбасарлары М.Қорғанбева, Ғ.Қапақов қатысып, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өз ойларымен бөлісті.

Батыс Қазақстан облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Қапақов халықаралық экономикалық байланыстың тиімділігін арттыру мақсатында екі шекаралық аймақтың Іскерлік клубын құруды ұсынды.


Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Ассамблея ҰОС Жеңісінің 75 жылдығын кең көлемде атап өтіп, ел ішінде жауынгер халықтардың ерлігін насихаттаудың маңыздылығына мән артуы керек деді. Олар ұлттардың ортақ тарихы мен халықтардың жауынгерлік ерлігі мемлкеттер арасындағы бірлік пен татулықты нығайтатындығына сенімділік білдірді.

Кейін қарай