19 Мамыр, 2021
501
«Ақ орамал» жобасы бірінші орынға лайық деп танылды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан әйелдер күші альянсы мен іскер әйелдер қауымдастығы төрағаларының маңызды жиыны өтті. Жиында әр аймақтағы қауымдастық ұжымы ұсынған жобалар талқыланып, ең үздігі анықталды. Нәтижесінде «Ақ орамал» жобасы бірінші орынға лайық деп танылды.
Өткен жылы Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының қолдауымен "Бойтұмар-Ханым" қоғамдық қоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және облыстық іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған «Ақ орамал» ақпараттық-насихаттық жобасы бастау алған болатын. Жобаның мақсаты бүгінгі қоғамдағы, отбасындағы ананың орнын, атқаратын рөлін анықтау, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ тәрбиелеу міндетін әйелдерге ғана тән міндет деген көзқарасты өзгерту, әкенің беделін арттыру болып табылады.
Жоба аясында ұйымдастырушылар Қызылорда облысындағы әр ауыл-аймақты аралап, нәзік жандармен түрлі кездесулер өткізді. Жобаның екінші кезеңі жалғасын тауып, бұл жолы әкенің отбасындағы, қоғамдағы маңыздылығы назарға алынды. Нәтижесінде "Әке - өмір тірегі" фотожобасын ұйымдастырып, жақсы қорытындыланды. "Ақ орамал" жобасының үшінші және төртінші кезеңінде қыз бала тәрбиесі, көшбасшылық қабілет, жастар мәселелері қамтылмақ.
Ең негізгі жаңалық, бұл ауқымды жоба енді еліміздің әр аймағында ұйымдастырылып, жалғасын табатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды