Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Қазан, 2015

657

«Аңсар» конкурсы қорытындыланды

30 қазан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің қолдауымен өткізілген республикалық «Аңсар – 2015» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды. Іс-шараны «Инновациялық даму» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

30 қазан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің қолдауымен өткізілген республикалық «Аңсар – 2015» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды. Іс-шараны «Инновациялық даму» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

Байқаудың мақсаты - қазіргі қазақ және қазақстандық әдебиетті дамытуға үлес қосу, кәсіби журналистиканы насихаттау, жас қаламгерлер, ақындар мен журналистерге қолдау көрсету. Байқау жариялана салысымен оған қатысу үшін жасы 14-29 жас аралығындағы жастардан жұмыстар келіп түсе бастады. Бұл жұмыстар елімізде журналистика, поэзия  және проза салаларында қалам тербеп жүрген ынталы жастардың келесі толқыны өсіп келе жатқанын көрсетті.

Жазушылар мен кәсіби журналистерден құралған қазылар алқасы 109 қатысушыдан келіп түскен 295 жұмыстың ішінде проза, поэзия жанрлары бойынша жазылған еңбектер саны басым екенін айқындады. Сондай-ақ байқауға қатысу географиясы да жылдағыдан кеңейе түскен.

Шығармаларды бағалауда ұсынылған жұмыстағы тақырыптың өзектілігі мен қоғамдық маңыздылығына, автордың тілдік мәдениетіне назар аударылды. Журналистік жұмыстарда конкурсанттың ақпаратты кәсіби тұрғыда бере білу қабілетіне, оқиғаны мазмұндау түсініктілігіне, фактографиялық дәлдік пен нақтылыққа мән берілді. Көркем туындыларды бағалауда автордың баяндау шеберлігі, тіл байлығы, тақырыпты игеру деңгейі басты назарда болды.

Қоррытындысында: Алмаз Мырзахмет; Бауыржан Игілік; Серікбол Хасан және Гүлбақша Ақажанова жеңімпаз деп танылды. Бірнеше жас талапкерге ынталандыру сыйлықтары берілді.   

 

Камал ӘЛПЕЙІСОВА,

қазылар алқасының  төрайымы,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

филология ғылымдарының кандидаты

Кейін қарай