Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Желтоқсан, 2021

80

Қарағандыда өткен отырыста жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Қарағанды Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Келісім мен бірлікке толы 30 жыл» тақырыбында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының салтанатты отырысы өтті.

Алқалы жиында облыстық ҚХА - ның қоғамдық тұрақтылықты, этносаралық қатынасты және толеранттылықты сақтау барысындағы атқарған жұмыстары мен жыл бойы жүзеге асқан ілкімді жобалары қорытындыланды.
Облыстық Ассaмблея құрамында екі жүздeн aса "Қоғамдық келісім кеңестері", Анaлар кеңесі, Журнaлистер мен сaрапшылар клубы, Қайырымгерлер мен тәлімгерлер клубы, "Жaңғыру жолы" жастaр қозғaлысының өңірлік штабы, еріктілер қозғалысы және тағы да басқа көптеген орталықтар жұмыс істейді. Көпұлтты елімізде ұлттар мен ұлыстар арасындағы келісім мен толеранттылықты нығайтумен қатар, өңірдің дамуына үлес қосып отыр.

Бүгінгі таңда 76 этномәдени орталық жұмыс жүргуде. Аталған орталықтардың негізгі жұмыс бағыты өздерінің ұлттық құндылықтарын дәріптеуге және тұрақтылықты тұғырландыру мақсатындағы қазақстандық идеологияны қуаттауға қызмет етеді. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты нығайту – этномәдени орталықтардың негізгі миссиясы. Олардың негізгі жұмыс сипаты облыс әкімі тағайындаған гранттар арқылы жүзеге асып келеді. Республикамызда алғашқылардың бірі болып ашылған «Достық үйі» шын мәніндегі бекем бірліктің, мызғымас татулықтың ордасына айналған. Қарағанды облыстық ҚХА мен ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің мұрындық болуымен іс-шаралар ұйымдастырылады. Барлық іс-шараның мазмұндық сипаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларында қамтылған құндылықтарды дәріптеуге, дамытуға бағытталуда. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы екі тарихи мақаласы арқылы өзін халқын шексіз сүйген, сүйе білетін шынайы патриот ретінде дәлелдесе, Ассамблея – нағыз патриоттар мінбері. Жекелеген ұлттардың емес, тұтас Отанның тағдырына алаңдайтын мәртебелі орган. Елбасының Тәуелсіздік жылдарындағы ұлы мақсаттарға ұмтылған идеяларының дені осы Ассамблея мінбері арқылы іркіліссіз іске асып, ұлт кәдесіне жарап келе жатқандығын ҚХА мүшелері мақтаныш тұтады.

Облыстық Ассамблеяның іс-шараларының бүкіл кешені этностардың мемлекеттік тілді меңгеруін, ұлттық мәдениет пен тілдерді, салт-дәстүрлерді, этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін этносаралық үйлесімді қарым-қатынастарды қамтамасыз етуге жұмылдыруға, этникалық факторды саясиландыруға жол бермеуге, азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынастарды кеңейтуге бағытталған. Елбасының тапсырмасымен Қарағанды қаласының Достық үйіндегі Мәміле тіл сұхбат клубы, Мен қазақша сөйлеймін жобасы, этнос өкілдерінің қазақ халқының шығармашылығын тануына бағытталған Бұқарекең жырлайды, Даланың дара данасы байқауларында этномәдени біолестік өкілдері жылдан-жылға жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, саны артып келеді.

Облыстық Ассамблея аймақтағы әлеуметтік көмекке зәру тұрғындардың жағдайынан үнемі хабардар болып, кез келген уақытта қол ұшын беруге даяр. Жыл бойына әр ай сайын ұйымдастырылатын "Қaйырымдылық кeруeнi" акциясы аясында өткен жылы 5 мыңнан аса шара өтiп, аймақтағы көпбалaлы, әлeуметтік жaғдaйы төмeн отбaсыларғакөмек көрсетіледі. Ассамблея қайырымдылық көрсету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруды ғана емес, жастардың бойында жанашырлық, ізеттілік, бауырмалдылық сияқты қасиеттерді сіңіруді басты мақсат етеді.

Облыстық ҚХА жанынын құрылған қайырымгерлер мен меценаттар клубына бизнесте жүрген азаматтар кіреді. Қайырымгерлер клубының құрамындағы кез келген қайырымды жан ауыз толтырып айтарлықтай игі істерімен ерекшелінеді.


Сонымен қатар, волонтерлер клубы да қайырымды, ізгі істерімен ел аузында жүр. Еріктілер орталығының құрамында екі жүзге тарта волонтер бар. Қарағанды ҚХА тарихындағы маңызды істердің бірі – этномәдени бірлестіктер мүшелерінің тарихи Отанының ресми өкілдерімен өзара тығыз қарым-қатынаста болуы мәселесі. Тарихи Отанындағы кәсіпкерлермен және қоғамдастықтармен экономикалық және мәдени байланысты дамыта отырып, облыстағы этно-мәдени бірлестіктер Қазақстанның көпвекторлы саясатының беделін халықаралық деңгейде нығайтуға үлес қосып келеді. Осы қарым-қатынас арқылы Ресей, Германия, Польша, Израиль, Армения, Грузия, Түркия, Әзірбайжан тәрізді бірқатар елдердегі дипломатиялық өкілдіктермен, шығармашылық зиялы қауыммен іскерлік байланыстар нығайып, жұмыс сапарлары жоспарлы негізде жүзеге асырылуда.


Шара аясында Ассамблея өкілдерінің бірқатары облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің Алғыс хаттарымен марапатталып, Достық әуені салтанатты концертіне ұласты.

Кейін қарай