Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Ақпан, 2016

1004

Ақтөбе облысы Қоғамдық келісім Кеңесінің отырысы

2016 жылдың 3 ақпаны күні Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.Нұршиннің төрағалық етуімен Ақтөбе облысы Қоғамдық келісім кеңесінің Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын мерзімнен бұрын өткізу мәселелерін талқылау бойынша кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Мәртөк және Қобда аудандары әкімдерінің орынбасарлары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңестерінің мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдері мен төрағалары, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ-сі «Қоғамдық келісім» КММ-нің және облыстық Достық үйі қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында Мәртөк және Қобда ауданының әкімінің орынбасарлары баяндама жасады. Олар аудан мен ауылдық округтердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің жүзгізген жұмыстары жайлы мазмұнды есеп берді.

Отырыс соңында Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің үндеуі оқылды. Қоғамдық келісім кеңесі прогресс пен  еліміздің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайды. Соның бірі – мерзімінен бұрын өткізілетін сайлау. Бұл қадам Бес институционалды реформаларды, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын тиімді іске асыру үшін аса қажет. Сонымен қатар, Президенттік реформалардың орасан зор бағдарламасын іске асыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп өркендеуі жолында мерзімнен бұрын өткізілетін сайлауға белсене қатысуға шақырды.

   

 

«Ақтөбе облысы әкімінік аппараты» ММ-сі

«Қоғамдық келісім» КММ-нің

Баспасөз қызметі

Кейін қарай