
01 Қараша, 2016
777
Ақтөбеде Хачкар орнатылды
Өткен сенбі, 2016 жылдың 29 қазаны күні Ақтөбе қаласында Қасиетті Никольский кафедралық соборының төңірегінде Хачкар (крест тасы) ескертікішінің ашылуы мен оны жарықтандыру салтанатты іс-шарасы өтті. Естелік оюлы крест бейнеленген тас стеласы облыстық «Урарту» армяндар қауымдастығының бастамасымен орнатылды. Хачкар қуымдастық болып жинаған қаржысына жасалды.
Облыстық армян қауымдастығының төрағасы Г.Тертерян өзінің құттықтау сөзінде биыл еліміз үшін мерекелі, маңызды жыл, Тәуелсіздігіміздің 25жылдығының қарсаңында армян халқы үшін қасиетті хачкардың ашылуы халқымыздың достығы мен біртұтастығының айғағы екенін атап өтті.
Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары А.Шериязданов, облыстық маслихат хатшысы С.Қалдығұлова, Қазақстандағы Армения Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі М.Бадалян, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамбелясы хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Г.Шерниязова мен қызметкерлері, Армян Апостол шіркеуінің, Орыс Православие шіркеуінің өкілдері, Қазақстан және Ресейдегі армян этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, облыс этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері, және қала әлеуметі қатысты.
Хачкарды жарықтандыру рәсімін Қасиетті Рипмимэ Астрахандық Армян Апостол шіркеуінің аға попы мен қасиетті Филипп шіркеуінің аға попы, Өзбекстан Республикасындағы барша армяндардың діндар басшысы өткізді.
Облыс әкімінің орынбасары А.Шериязданов өзінің құттықтау сөзінде:
«Хачкар армяндар жайлы өмір сүріп жатқан жерде ғана орнатылады. Еліміз көпұлтты деп үлкен абырой мен айтамыз, хачкар болса ниет пен мақсаттардың бірлігінің нышаны болып табылады.»
2010 жылы хачкарды жасау өнері ЮНЕСКО-ның адамзат мәдени мұрасының тізіміне енгізілген.
Іс-шара соңында ағаш отырғызу рәсімі өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақтөбеде ZOOM платформасы арқылы облыстық Aналар кеңесінің отырысы өтті
-
Ақтөбеде «Бірлік.Жасампаздық.Өрлеу» тақырыбында облыстық ҚХА XXVII сессиясы өтті
-
Ақтөбеде ҚХА Хатшылығы өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесті
-
«Бір шаңырақ астында» акциясы аясында киіз үй орнатылды
-
Ақтөбеде семинар өтті
-
Ақтөбеде «Әзірбайжандар қауымдастығы» Ұлыстың үлы күнін мерекеледі
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақтөбеде ZOOM платформасы арқылы облыстық Aналар кеңесінің отырысы өтті
-
Ақтөбеде «Бірлік.Жасампаздық.Өрлеу» тақырыбында облыстық ҚХА XXVII сессиясы өтті
-
Ақтөбеде ҚХА Хатшылығы өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесті
-
«Бір шаңырақ астында» акциясы аясында киіз үй орнатылды
-
Ақтөбеде семинар өтті
-
Ақтөбеде «Әзірбайжандар қауымдастығы» Ұлыстың үлы күнін мерекеледі