Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Наурыз, 2022

369

Ақтөбеде «Әзірбайжандар қауымдастығы» Ұлыстың үлы күнін мерекеледі

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Наурыз мерекесін атап өтті.

Мерекелік шараға Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі, этномәдени бірлестігінің төрағалары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.


Наурыз – түбі бір түркі халқының ортақ мерекелерінің бірі. Жаңару, жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Мереке кезінде ерекше қонақжайлылық пен үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету игі дәстүрге айналған, ұлыстың ұлы күні достық пен бауырластық нығая түсті. Ұлттық ойындар ойналып, үйлесімін тапқан ән-биі, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурызкөк демекші «Сәмәни» деп аталатын дәстүрі бидайдың дәнін егіп, шыққан көгіне қарап, молшылықты болжап, жаңа жылдың келгенін білдірген, қазаны қайнап, торсық толы ағарғаны құйылған керемет мереке болып өтті.


«Наурыз мерекесімен барша түркі халықтарын құттықтаймын. Қуаныш пен мейірімнің, бақ пен ырыстың, молшылық пен кеңдіктің белгісі болған Әз – Наурыз. Ақ түйенің қарны жарылған, Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы бойына барлық салт-дәстүрлер мен ұлт ерекшелігін жинаған ерекше күнде, еліміздегі ынтымақ пен бірліктің арқасында бүгінде, міне ұлттық мерекемізді тойлап отырмыз» - деді Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азизов Рахиб Хазайыроглы.

Кейін қарай