Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Ақпан, 2021

596

Ақтөбеде «Тәуелсіз елдің ару аналары» атты қоғамдық-саяси шара ұйымдастырылды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Аналар Кеңесі мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен ҚХА ғимаратында «Тәуелсіз елдің ару аналары» атты қоғамдық-саяси іс-шарасы өтті.

Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында өткен шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ бойына қазақстандық патриотизімді қалыптастыру, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту. Этносаралық келісім мен ұрпақтар сабақтастығын дамыту. Аналар Кеңесінің жұмысын насихаттау.

Іс-шараға Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Кеңестер мүшелері, ЭМБ төрағалары мен өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, Аналар Кеңесінің мүшелері, көпбалалы отбасылар, «Қоғамдық келісім» КММ-нің сарапшы-мамандары, студенттер, мектеп оқушылары, БАҚ қатысты.

Мерекелік шара «Оксана» украин ЭМБ жанындағы «Барвинок» балалар би ансамблінің орындауындағы «Қазақ» биімен басталды. Ақтөбе облысы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Қорғанбаева салтанатты түрде шараға бастау беріп, сәттілік тіледі.


Одан әрі шара «Дэш» ән-би ансамблінің өнерпаздары Алексей және Елена Дадусенконың орындауындағы «Туған жер» әнімен жалғасты.

Іс-шараға Мәртөк ауданынан келген Амантурлиевтер (қазақ отбасы), Темір ауданының тұрғыны Шетихиндер (украин ұлтының өкілдері) және Ақтөбе қаласынан Байсаевтар (шешен ұлтының өкілдері) көпбалалы отбасылары қатысып, олардың бала тәрбиесі мен отбасындағы ауызбіршілігі туралы дайындағын бейнероликтері көрсетілді. Бұдан соң «Бесаспап» қыз жасау тігін шеберханасының басшысы С.Абдрахманова, «Алтай» сауда орталығының басшысы Н.Кусаинов пен «Ханшайым» мейрамханасының директоры А.Аленованың атынан көпбалалы отбасыларға естелік сыйлықтар табысталды.


Мерекелік шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Н.Ағниязов облыстың қоғамдық-саяси дамуына белсене араласып, ұлтаралық бірлік пен ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Аналар Кеңесінің мүшелері мен бүгінгі шараға демеушілік жасаған жеке кәсіпкерлерге алғыс хат табыстады.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында өткен шараға белсене қатысып, марапатқа ие болып, алғысқа бөленгендердің қатарында «Бесаспап» қыз жасау тігін шеберханасының басшысы С.Абдрахманова, «Алтай» сауда орталығының басшысы Н.Кусаинов, «Ханшайым» мейрамханасының директоры А.Аленова, «Кездесу» мейрамханасының басшысы М.Абдрахманова, «Шолпы» клубының төрағасы А.Сарыбай, «Руханият» музейі Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі Ж.Туралина, «Роза» тігін шеберханасының басшысы Р.Бейсекенова бар.

Егеменді еліміздің топырағында туылып, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан түрлі ұлттар мен ұлыс өкілдерінің ортақ мерекесіне айналған Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары белсене қатысты. Концерттік бағдарлама аясында «Сударушки» вокалдық тобы «Счастья вам», «Оксана» халықтық хорының мүшесі Л.Нешко «Тамаша», «Сәйлян» үлгілі балалар ән-би ансамблі «Матур булсын» әндерін орындаса, Амантурлиевтер отбасының келіні А.Исаева «Әлқисса» күйін шертті. Сондай-ақ, «Шолпы» клубының презентациясы көрсетіліп, қазақ қыздарының тәлім-тәрбиесі туралы айтылды. Ал, С.Бәйішев атындағы Жоғары медициналық колледжінің студенттері қазақ халқының стильдендірілген киімдерінен сәнді көрсетілім жасады. С.Жиенбаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Ана - болашақтың демеушісі, ұрпағының бақыты» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

Мерекелік шара Аналар Кеңесі мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы, әнші-сазгер А.Мәжікбаевтың орындауындағы ана туралы әнмен аяқталды.

Кейін қарай