Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қараша, 2016

829

Ақтөбедегі жалпыреспубликалық шығарламалар байқауы

Жалпыреспубликалық  шығармалар байқауы 24 қараша күні Қазақстан халқы Ассамбелясы ғимаратында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында өтті. Байқау «Ұлы Дала Елі – тәуелсіздіктің 25 тұғыры» 25 жұлдызды күн» акциясы аясында ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілде өткен шығармалар байқауына этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер мен қала тұрғындары қатарынан 25 адам қатысты.

Акцияның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің беделін көтеру, Тәуелсіз Қазақстанға деген патриоттық сезімді жандандырып, қоғамдық келісім идеясын дамыту болып табылады. Байқауға қатысушылардың жұмысын арнайы комиссия мүшелері тексерді. Комиссия құрамына қалалық №12 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Жұмашева, «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Т.Сапаров пен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ж.Қабақбаев кірді. Байқау комиссиясының шешімімен Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің өкілі Г.Абилова мен татар мен башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілі Ә.Батаулинаның жазған шығарма жұмыстары үздік деп танылды.

«Қазақ тілі негізі әзірбайжан тіліне ұқсайды. Мектеп кезінен қазақ тіліндегі олимпиада мен байқауларға белсенді қатысып жүрмін. Қазақстанда туып өстім, бұл жер - менің Отаным, ал қазақ тілі - менің ана тілім»,- деді бізге  Г.Абилова.

Байқау Ақтөбе облысының аудандарында да бір мезгілде өткізіліп, оған жалпы 25027 адам қатысты, жеңімпаздар белгілі болды.  

Үздік деп танылған шығарма жұмыстары  республикалық кезеңге жіберілетін болады.

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай