Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2021

298

Ақтауда «Бейбітшілік пен келісім жолы» тележобасының көрсетілімі өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Маңғыстау облысының Достық үйінде «Бейбітшілік пен келісім жолы» тележобасының көрсетілімі өтті. Айта кету керек Тележоба 5 сериядан тұрады: «Орталық», «Шығыс», «Солтүстік», «Батыс», «Оңтүстік».

Маңғыстау облысында бұл фильмнің түсірілімі 17 қазанда болды. Жобада Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы түрлі ұлт өкілдерінің кәсібі мен Тәуелсіздік жылдарындағы өңірлердің жетістіктері мен көрікті жерлері баяндалды.

Фильмнің түсіріліміне «Салам-Намасте» үнді этномәдени бірлестігінің төрайымы Вадодария Надежда және орынбасары Вадодария Хитеш Чандра, сондай-ақ 8 дәрігерден тұратын дәрігерлер династиясынан дәрігер-терапевт Тұрғанов Лепес Сүлейменұлы отбасымен қатысты.

Еліміздің тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде жетістіктері, Қазақстан халықтарының бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанын айту мақсатында ҚХА өкілі, фильмнің авторы Майя Бекбаева түсіру тобымен еліміздің түкпір-түкпірін аралаған болатын. Бұл үлкен еңбек, өйткені қазір бұл фильмді кез-келген адам көре алады» – деді Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық Келісім» КММ басшысы А.Жайылханова.


Кейін қарай