Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2021

329

Ақтауда кәріс және неміс ЭМБ мүшелері репрессияға ұшыраған жандардың шаңырақтарында болды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 31 мамыр - Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Маңғыстау облысындағы кәріс және неміс этномәдени бірлестік мүшелері репрессияға ұшыраған жандардың шаңырақтарына барды.


Кәріс ЭМБ төрайымы Раиса Маденова бұл күннің маңыздылығын атап өтіп:

- Саяси қуғын-сүргін жылдары тарихымыздың қайғылы оқиғаларының бірі болып қала бермек. Осынау қиын-қыстау кезеңді өздері де басынан кешірген қазақ халқы көптеген ұлт өкілдеріне қамқорлық көрсетіп, қол ұшын созды. Ендігі ұрпақ тарихта ақтаңдақ болып қалған ашаршылық, репрессия тауқыметін көрмеуі тиіс, - деді.

ЭМБ мүшелері репрессияға ұшыраған жандардың ұрпақтарына естелік сыйлықтар табыстады.


Кейін қарай