Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қазан, 2021

274

Ақтауда өткен сайыста этнос өкілдері қазақ тілін жеткен меңгергендерін көрсетті

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өзге ұлт оқушылары қазақ тілін меңгеру бойынша ұйымдастырылған байқауға қатысты. Үш кезеңнен тұрған жарысқа 10-нан аса оқушы қатысып, қазақ тілінде өлең оқып, ән шырқап, викториналық сұрақтарға жауап берді.

- Маңғыстау облыстық Ассамблеясы ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесі «Мың бала» республикалық - ағарту жобасы аясында зияткерлік мектептегі өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін ояту, тіл үйретуге ықпал ету мақсатында байқау ұйымдастырды. Сайысқа балалар өте белсенді қатысып, қазақ тілін жетік меңгергендігін көрсетті, - дейді «Қазақша үйрен» тіл орталығының басшысы Айгүл Дәден.


Сайыстың бірінші кезеңінде балалар қазақ тіліндегі өлеңді жатқа айтса, екінші кезеңде өздері меңгерген ұлттық өнерлерін көрсетті. Ал үшінші кезеңде викториналық сұрақтарға жауап беріп, суреттер бойынша мәтін құрастырды.

- Қазақ тілі байқауына алғаш рет қатысып тұрмын. Жалпы тілдерді меңгеруге деген қызығушылығым жоғары. Қазақ тілін де ана тілім – орыс тілі немесе ағылшын тілін меңгерген секілді еркін меңгергім келеді. Ол үшін жұмыстанып та жүрмін, - дейді І орын алған Даниил Мухалев.

Үш кезеңде үздік нәтиже көрсеткен Данил Мухалев, Матвей Веренцов, Артем Бедарев І орынға ие болып, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Олар алдағы уақытта сайыстың республикалық деңгейінде бақ сынайтын болады.


Кейін қарай