Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қыркүйек, 2015

1327

«Абай оқулары» облыстық байқауы

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні Талдықорған қаласының «Өнеркәсіптік индустрия және жаңа техналогиялар» колледжінде «Абай оқулары» облыстық байқауы өтті. Байқауды Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Алматы облысының білім басқармасы бірлесе ұйымдастырған. Байқаудың мақсаты - туған тілдің  абыройын асқақтатып, Тәуелсіз елдің жас ұрпағын Абай мұрасын пайымдаған парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру.

Облыстық конкурс 2 кезең бойынша өтті. Бірінші кезең: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу сайысы. Екінші кезең: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Абайдың әндерін орындаушылардың сайысы.

Байқау соңында қатысушыларға алғыс хаттар берілді. Ал жеңімпаздар 16 қыркүйек күні Талдықорған қаласының орталық алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында және қала күніне орай «Келісім – бірлік бастауы» атты фестиваль кезінде марапатталады.

Кейін қарай