Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Сәуір, 2020

1834

Алматы: Қазақстан халқы тілдеріндегі виртуалды кітап көрмесі

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Алматыдағы А. Чехов атындағы орталық кітапхана және Қазақстан жазушылар кітапханасы Алматы қаласының Достық үйімен бірлесіп «Бірлігіміз жарасқан» атты виртуалды көрме ұйымдастырды.


Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Алматы қаласындағы Достық үйі қызметін қамтамасыз ету қызметі қаладағы орталықтандырылған Кітапханалар жүйесімен (ОКЖ) тығыз байланыс орнатқан. Достық үйінде және ОКЖ жүйелерінде сан-алуан іс-шаралар бірлесе өткізіліп келеді.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мен 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні қарсаңында «Бірлігіміз жарасқан» атты тақырыпта виртуалды кітап көрмесін ұсындық. Онда түрлі әдебиеттер жинақталған», - деп атап өтті республикалық Достық үйінің медиация кабинетінің меңгерушісі Нұрсәуле Альтекова.


Оқулықтар қазақ, түрік, ұйғыр, орыс, армян, поляк, грек және тағы басқа тілдерде ұсынылған. Осы арқылы этностардың мәдени-әдеби мұрасымен етене жақын танысуға болады.

Кейін қарай