Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қазан, 2023

218

Алматыда ҚХА кубогына арналған шағын футбол турнирі Республика күніне арналды

2023 жылғы 21 қазанда «Құлагер» стадионында (Серіков 2 көшесі) Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогына арналған шағын футболдан Республика күніне арналған турнир өткізді.

Спорттық іс-шараға қалалық кәсіпорындар мен ұйымдардан 10 команда қатысты: «№5 қалалық орталық аурухана», «№4 қалалық орталық аурухана», «№16 қалалық емхана ұжымдары», «Metall Prom Group» ЖШС, «Алматы пайдалану локомотив депосы» ЖШС, «Алматы пайдалану вагон депосы» ҚБ, Т/ж станциясы қызметкерлері «Алматы-1», Т/ж станциясы – «Жетісу», Жетісу ауданының ХҚКО, «Жетісу аудандық білім бөлімі».

Бұл турнирдің төрешісі ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы, Шығыс Азия ойындарының чемпионы - Ислам Ильясович Байрамуков болды. Іс-шараның жүргізушісі Алматы ҚХА ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары - Болат Мұсағажынұлы Оспанов болды.

Спорттық іс – шара ҚХА ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қазақстан ұйғырларының республикалық орталығы төрағасы-Долкунтай Абдулхалилдің қолдауымен өтті.

Мұндай спорттық турнирлер салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын спортпен таныстыру мақсатында өткізілді!

Кейін қарай