
26 Тамыз, 2016
917
Алматыдағы конференция
2016 жылғы 25 тамызда Достық үйінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, Қазақстан Республикасы Конституциясына арналған «Этносаралық және дінаралық келісім Қазақстанның орнықты дамуының негізі» деген тақырыпта конференция болып өтті.
Конференцияның мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуымен Қазақстандағы діни ахуалдың негізгі аспектілерін түсіндіру, дәстүрлі діндердің рухани негізінің қалыптасуына үлесін көрсету және қала халқына ағартушылық білім беру болып табылады.
Конференцияны Халықаралық «Интеллект Орда» институтының бас директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мажитов Саттар Фазылұлы ашып, жүргізіп отырды.
Дін мәселелері жөніндегі басқарма жетекшісі Есенбеков А.Р. құттықтау сөз сөйледі.
Модератор сөз сөйлеу үшін 7 минутке дейін, пікір айту үшін 3 минуттық регламентті ұсынып, жиналғандар оны бірауыздан қолдады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Микаелян Наринэ Гамлетовна қатысушыларға құттықтау сөзін арнады.
Конференцияда:
- Алматы қаласының бас имамы Есмағамбет Нұрбек«Ислам негізі – келісім мен сенім» тақырыбына;
- Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласының ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ни Любовь Августовна «Қазақстан Республикасындағы «Этносаралық және дінаралық татулық пен келісім туралы» тақырыбына;
- Орыс Православие шіркеуінің өкілі епископ Геннадий: «Үшінші мыңжылдыққа қадам басқанда Қазақстанның көп ұлтты қоғамындағы діни еркіндік» тақырыбына;
- Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Сартаева Раушан Сұлтанқызы: «Қазақстандағы ождан бостандығының конституциялық кепілдіктері» тақырыбына;
- Рим-католик шіркеуі епархиясының басшысы епископ Х.Л.М.Сиерр: «Дінаралық қатынастар мәдениетін қалыптастырудағы діни ағартудың рөлі;
- Қазақстанның бас раввині Ешай Коген: «Діни және ұлттық құқықтар қоғам тұрақтылығының факторы ретінде» тақырыбына;
- «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінің теологы Рахымжан Әкімбеков: «Дәстүрлі емес діни ағымдар қоғам тұрақтылығын бұзушы фактор» тақырыбына;
- Профессор, философия ғылымдарының докторы Сейдахметова Наталья Львовна: «Қазақстандықтардың дүниетанымдық құндылықтары құрылымындағы ислам – шынайы өмір және болашағы» тақырыбына;
- Алматы қаласындағы корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі Кан Георгий Васильевич баяндама жасады.
Талқылаудан кейін «Этносаралық және дінаралық келісім Қазақстанның орнықты дамуының негізі» атты конференцияның қарары қабылданды. Қатысушылардың барлығы оны қолдап дауыс берді.
Іс-шараға қатысушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Алматы қаласының ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Алматы қаласы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дін қызметкерлері, діни бірлестіктердің өкілдері – Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің мүшелері, ғылыи қауымның өкілдері (дінтанушылар, теологтар, саясаттанушылар), жастар мен студенттер.
Конференция туралы ақпарат тарату үшін БАҚ өкілдері шақырылды.
Ұйымдастырушылар:
- Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы;
- Алматы қаласының Дін істері басқармасы;
- Республикалық Достық үйінің жұмысын қамтамасыз ету қызметтері;
Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
Астанада жалпыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
Астанада жалпыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті