Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қаңтар, 2021

1202

Алматыда жастардың этносаралық қатынастар процесіндегі рөлі талқыланды

2021 жылғы 28 қаңтарда ZOOM платформасында республикалық Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығының ұйымдастыруымен «Жастар ортасындағы мәдениетаралық диалог және қоғамдық келісім» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Жастардың этносаралық қатынастар процесіне қатысуы ғылыми тұрғыдан қарастырылған өте қызықты сараптама алаңы болды.


Бүгінгі жастар өзекті бастамалар мен ұсыныстарды айта отырып, қоғамдық-саяси процестерге белсенді қатысып келеді. Мемлекет Қазақстандағы жастарды қолдау және жастар саясатын дамыту шараларына қолдау көрсетуде. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Нәбиев пен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Зәкіржан Күзиев өз сөзінде айтты. Дөңгелек үстелге ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері мен мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының басшылары, белсенділері мен жастары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, студент жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының аясында «Этномедиация – этносаралық қақтығыстардың себептері», «Қоғам дамуының қазіргі жағдайындағы жастарды көпмәдениеттілікке тәрбиелеу», «ҚХА жастар қозғалысының бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін дамытудағы рөлі» және басқа да тақырыптар талқыланды.

Кейін қарай