Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Маусым, 2016

1566

Аналар бейбітшілікті жақтайды!

10 маусым күні Достық үйінің алаңында «Ақ орамал» атты акция өтті. Жуырда Ақтөбе қаласында болған қайғылы оқиғаларға орайластрылған іс-шараны облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырды. Іс-шараға Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің қатысушылары, Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары мен мұғалімдері, облыстық ҚХА хатшылығының және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің мамандары – барлығы 100-ден астам адам атсалысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл акцияның басты мақсаты жазықсыз жандардың өмірін қиған қанды оқиға құрбандрына тағзым ету, сонымен қатар, марқұмдардың отбасыларының қайғысына ортақтасу болып табылады. Өз сөздерінде іс-шараға қатысушылар террористердің   әрекеттерін айыптады.

Николашина Ольга Леонидовна, «Павлодар облыстық фин-угор этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары:

Біздер Ақтөбе қаласындағы өз жарлары мен ұлдарын жоғалтқан апа-сіңлілерімізбен бірге қайғырып отырмыз. Бұл - біздердің ортақ қайғымыз бен қасіретіміз. Біздің акциямыз барлық қазақстандықтарға, барлық әйелдер қауымына үндеу болып табылады. Біз Президентіміздің халықты біріктіруге, достық пен ынтымақты дамытуға бағытталған саясатын қолдаймыз. Біздерге бейбітшілік керек!

Байрамкулова Мария Алботовна, «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балкар ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Қымбатты апа-сіңлілер! Біздер әкелерін, ағалары мен ұлдарын жоғалтқан аналармен және балалармен бірге қайғырып отырмыз. Мен олардың біздерді естіп, біздер олармен бірге екендігімізді сезінсе екен деймін. Біздің әскерилеріміз қанішерлерді тоқтатқандығын мақтан етемін. Біздер бір жұдырықтай жұмылуымыз керек, туған жерімізді қадірлеп, бір-бірімізге мейірімділікпен қарауымыз керек.

   

   

Айтпаев Мақсат

 

Кейін қарай