Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Шілде, 2022

388

Аналар кеңесі - игілікті істің төрінде

Республикалық "Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт" жобасы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында қорытындыланды. Ел тағдырына елеңдеп, ұлт болашағы үшін деп жүрген аналармен жылы жүздесу өтті.

Жүздесу басталмас бұрын Қызылорда облысынан келген Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова бастаған делегацияны Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеуімбетов қабылдады. Қабылдауда алдағы жоспарлар мен республикалық жоба аясында жүзеге асатын ауқымды жұмыстар сөз болды.

Жүздесуде делегация мүшелері, аналар кеңесінің белсенділері Қаламқас Каримова, Әйгерім Алиева, Жақсыгүл Тоғанова, Манат Алмашева, Ирина Шек, Қуанышкүл Мырзабаева сөз сөйлеп, ел мүддесі үшін салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу және үлгілі отбасы бейнесін қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Ұлт денсаулығы, бала бақыты, отбасындағы ана, әке рөлі жайында аудандық аналар кеңесінің белсенділері тұшымды ой пікірлерімен бөлісті.

Жылы жүздесуде еңбегі елеулі аудандық аналар марапатқа ие болды. Шара аналарға арналған әсем әнмен аяқталды.

Қорыта айтар болсақ, Аналар кеңесінде бір ғана мақсат бар. Ол аймақтағы нәзік жандарды қолдау. Аналар кеңесі сол жандардың еңбегін бағалау арқылы аналарды да назардан тыс қалдырмай, жұртшылыққа таныстыруды мақсат көреді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жандандырмақ.


Кейін қарай