Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Шілде, 2015

896

Қарағанды оқушылары жазғы демалыстарын лингвистикалық лагерьде тиімді өткізуде.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қарағанды облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар еліміздегі этностардың тату тіршілігін, этносаралық бірлікті насихаттайтын бірқатар жұмыстарды атқаруда. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қарағанды облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар еліміздегі этностардың тату тіршілігін, этносаралық бірлікті насихаттайтын бірқатар жұмыстарды атқаруда.

Осындай белсенді ұйымдардың бірі «Видергебурт» неміс орталығы» әртүрлі жастағы оқушыларға лингвистикалық лагерь ұйымдастырған. «Schanyrak der Freundschaft» яғни, «Достық шаңырағы» жобасы тілдік курстарды қызықты да интерактивті әдістемелікпен өткізеді. Мәселен, мұғалімдер бір сабақ барысында республикамыздағы әр халықтың ұлттық киімдерін киіп шыққан болатын. Оқытушылардың айтуынша, мұндай әдіс шәкірттерге әрбір ұлт өкілдерінің мәдениетімен, салт-дәстүрімен, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі және жалпы қызмет аясымен танысуына таптырмас мүмкіндік.

Аталмыш лингвистикалық лагерьдің маңызды мақсаты мен міндеті – әсіресе мектеп оқушылары арасында қазақ тілі мен неміс тілін үйренуге қызығушылығын тудыру. Елімізді мекендейтін этностардың тарихи құндылықтарын, мәдени мұрасын  дәріптеу. Сонымен бірге, балалардың ықылас-ынтасын арттырып, жастар бағдарламасына барынша қолдау көрсету.

Тілдік курс топтарын 8-15 жас аралығындағы оқушылар құрайды. Балалар бос уақытты көңілді ғана емес, білімдерін жетілдіріп, үлкен пайдамен өткізіп жатқандарымен қуана бөлісті. Әрқайсысының тіл меңгеруге  деген талаптары зор.

Жазғы демалыста балалардың бос уақытын оқу-ағарту ісімен, спорттық үйірмелермен байланыстыру өте өзекті тақырып болып қала бермек. Ал бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беру істеріне этномәдени орталықтардың атсалысуы Қазақстандағы бірегей бірлік пен ажырамас достықты нығайта түсетіні сөзсіз.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» ҚММ-ның

баспасөз қызметі

Кейін қарай