Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Ақпан, 2020

1824

Қарағанды облысы Достық үйінің директоры ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды

Қарағанды облысының әкімдігінде бірқатар басқармалардың жаңа басшылары таныстырылды.


Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Ерлан Құсайын тағайындалды. Ол 1976 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.
1999 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алған Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін «экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 1999 жылы Қазақ тілі мұғалімі болып бастады.
2008 жылдан 2014 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2014 жылы Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары болды.
2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы болып жұмыс істеді.
Қазіргі тағайындалуға дейін Қарағанды облысы әкімінің аппараты "Қоғамдық келісім" КММ директоры қызметін атқарған.

Кейін қарай