Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Шілде, 2021

474

Қарағандыда «Айбын» патриоттық клубы онлайн кездесу өткізді

Елорда күні қарсаңында Қарағанды қаласының Достық үйінде «Айбын» патриоттық клубының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында онлайн форматта "Ер қаруы – бес қару" кездесуі өтті. Шараға ҚР Қарулы Күштерінің өңірлік әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты.


Қазақ халқының тарихи және мәдени мұраларының ішінде ежелгі қолөнер ерекше орын алады, олардың арасында қару-жарақтар да бар. Қазақ халқының қару – жарақ шеберлігінің даму тарихы - бұл Ұлы даланың көшпелі өркениетінің даму тарихы, оның мәдениеті мен қайталанбас ерекшелігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында атап өткендей, тарихи ізденістерді қалың жұртшылыққа түсінікті және қолжетімді ету қажет. Өйткені тарихшылардың ғана емес, барша жұрттың, әсіресе, жас ұрпақтың тарихи санасы айқын әрі берік болуға тиіс.

"Қазақ халқының, жалпы көшпенділердің қару-жарағын жіктеу жүйесінің барлық мәні "Ер қаруы - бес қару" дегенге саяды, яғни жауынгер бес қару түріне ие болуы тиіс. Жүйрік ат, әдемі ыңғайлы ер-тоқым және семсер, қылыш - жауынгерлер үшін олардың жоғары әлеуметтік мәртебесі мен ерлігінің бейнесі болған. Қазақ халқы тарихи әскери қаруларын ұмытпай, дәріптеп бүгінгі күнге дейін сақтап келеді. Бүгін біз әскери қызметкерлерге қазақ батырлары қандай қаруды қолданғанын егжей-тегжейлі жеткізе алдық деп ойлаймыз", - дейді модератор, клубтың үйлестірушісі Қуаныш Мақсұтов.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды қаласының Достық үйі жанындағы "Айбын" әскери-патриоттық клубы Тұңғыш Президенттің тапсырмаларын іске асыру аясында жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында құрылған болатын.

Кейін қарай