18 Қазан, 2021
381
Қарағандыда «Мәміле» сұхбат клубының жұмысы қайта жанданды
Қазақ тілін ұлтымыздың ұлы құндылықтарын насихаттау арқылы үйрену және жетілдіру үшін Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамасымен Достық үйінде 2019 жылдың 27 қаңтарында «Қазақтану» жобасы аясында «Мәміле» сұхбат клубы ашылған болатын.
Клубтың негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын дәріптей отырып, қолайлы тілдік орта қалыптастыру. Тіл үйрету барысында ғалым Қанат Тәсібековтың «Ситуативный казахский» әдістемелік құралы басшылыққа алынды. Аталмыш әдістеме ұлттық менталитеттің ерекшеліктері, тарихи фактілер, фольклорлық ұғымдар, қазақ халқының құндылықтар жүйесі арқылы тілді мейлінше жеңіл әрі жетік оқуға мүмкіндік береді.
Сұхбат клубының негізінде биылғы жылы 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында аптасына 3 рет тіл үйренгісі келетін өзге ұлт өкілдерімен онлайн форматта клубтың жұмысы қайта жанданды. Оның ішінде орыс, кәріс, украин, дағыстан, грек, белорус, румын, неміс, казак, түрік ұлтының өкілдері қатысты. Сабаққа қатысушылар саны 16.
«Мәміле» сұхбат клубы қарым-қатынас негізінде, ойын түрлерін қолданумен, қазақ әндерін жаттауға және күнделікті тұрмыста қолданатын диалогтарға баса назар аударады. Ал спикерлері Гүлназ Мұстағұлова, Әсия Смықова, Сергей Зорин сынды тәжірибелі мамандар болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ШҚО-да ҚХА Журналистер клубының ІІІ көшпелі отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті