30 Қыркүйек, 2016
7406
Қарттарым – асыл қазынам!
«Қарты бар елдің қазынасы бар». Дәл осы атаумен 29 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас қанат» жастар ұйымы Маңғыстау әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесіп, Ақтау қаласының қарттар үйінде қайырымдылық концертін өткізді. Аталмыш іс-шараның мақсаты – елімізде жүріп жатқан қайырымдылық акциясы және алдымыздағы қарттар күні аясында қарттарға құрмет көрсетіп, оларды назардан тыс қалдырмау. Сондай-ақ, жастардың бойына қайырымдылық қасиетін сіңіру, қоғамда біздің қамқорлығымызға мұқтаж жандар бар екенін олардың естеріне салу, қазыналы қарттарымызды бағалау керек екенін насихаттау.
Концерттік бағдарламаны ұйымдастыруға Маңғыстау гуманитарлық колледжі және «Жас Отан» жастар қанаты ат салысты. Олар ән салып, би билеп, қариялардың көңілінен шығуға барынша тырысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісім» мекемесі атынан жақсы тілектер айтылып, зейнетақы қорының атынан қарттарға сыйлықтар берілді. Концертті ерекше ықыласпен тамашалаған қариялар өз алғыстарын жеткізді. Тіпті, кеш соңында жастармен бірге би билеп, жақсы әсерде қош айтысты.
- 1 қазан «Қарттар күніне» орай ұйымдастырлған мерекелік іс-шара әді де жалғасын табады, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдері.
Ал қайырымды жастар болса, қарттарға құрмет көрсетуді ұмытпауға, оларға тек мерекелерде ғана емес, жиі келіп тұруға уәде берді.
Маңғыстау облыстық «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА «КАЗАХСТАНСКАЯ ПРАВДА» БАСЫЛЫМЫН 105 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
-
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
-
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА АССАМБЛЕЯ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДАН ШЫҚҚАН 100 ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
-
ТАРАЗДА «ЖАСЫЛ СЕРТИФИКАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
-
Қызылордада Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде «Отбасы мектеп» штабы жұмысы аясында «Ата ақылы – асыл мұра» тақырыбында ер балаларға арналған лекторий өтті. Қызылорда облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөн
-
Көкте Құдайға, жерде қазаққа алғыс айтамын – Асылы Осман