Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Тамыз, 2022

503

«Ашық есік күні» акциясы

Бүгін 5 тамыз - Медиация күніне орай, Достық үйінде Атырау облысы ҚХА медиация кабинетінің «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтуде. Оған құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстағы медиаторлар, ҚХА-ның барлық қоғамдық құрылымдары мен облыс тұрғындары қатысты.

Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары З.Таласбекова қатысушыларды мерекемен құттықтап, облысымыздағы кәсіби және қоғамдық медиаторларды мекеме атынан Алғыс хатпен ұлығылады.


«Ашық есік күні» акциясын ашып жүргізген Қоғамдық келісім КММ-нің медиация бойынша үйлестірушісі Ж. Асабаева және Атырау облысы қорғаушылар алқасының төрайымы А. Умарова, Атырау қалалық соты төрағасының міндетін у. а А. Серікова және облыс медиаторлары медиацияның маңызы туралы баяндама жасап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Дауласқан тараптарды медиация көмегімен татуластыру мақсатында өткен акцияда тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарға жауап тапты.

Қабылдау кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасады.


Кейін қарай