Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Желтоқсан, 2020

587

Атырау қаласының Достық үйінде жас ғалымдар марапатталды

Атырауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалар конкурсының өңірлік кезеңіне өткізу бойынша Жоғарғы оқу орындарынан жас ғалымдардың ғылыми еңбектері жинақталды. Жинақталған ғылыми жобаларды комиссияның арнайы сарапшылары сараптамадан өткізіп, 11 жобаны іріктеді.

Іріктеу қорытындысы бойынша Достық үйінде марапаттау шарасы өтіп, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-зерттеу институтының директоры, комиссия төрайымы Жанна Қыдыралина және комиссия мүшелері жас ғалымдардың жұмыстарына жеке жеке тоқталып, жобалық жұмыстардың тақырыптық сипаттамасы мен мазмұнына, жазылу стиліне, келтірілген деректер мен зерттеу бағытына ерекше мән берді.

Нәтижесінде 11 жобалық жұмыстың ішінен 6 адамның жұмысы жоғары деп танылып, І жүлделі орынмен тарих пәнінің мұғалімі Ерлан Баймағанбетов пен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 2 курс студенті Қуаныш Юсупов марапатталды. Барлық жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен, сертификаттар табысталды.

Кейін қарай